ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Арқадағы және кеудедегі безеулерді қалай жоюға болады? Мен барлық безеулерімді осылай кетірдім!

Безеулер негізінен бетке, арқаға және кеудеге пайда болады. Біз көбінде беттегі безеулерге назар аударамыз және одан құтылудың барлық жолдарын іздейміз. Бірақ ең үлкен қателік – арқадағы және кеудедегі безеулерді елемеу.

Арқадағы және кеудедегі безеулерді елемеу безеулерді тіпті күшейтеді. Сондықтан арқадағы және кеудедегі безеулерді кетіруіңіз керек. Бұл жолы біз сіздермен арқадағы және кеудедегі безеулерді кетіру тәсілін бөлісетін боламыз.

Алма сірке суы

Антибактериалды алма сірке суы сіздің кеудеңіздегі және арқаңыздағы безеулерден арылуға көмектеседі. Жарты кесе алма сірке суын жарты кесе сумен араластырыңыз. Оны мақта матаға батырып, арқа және кеудедегі безеулерді сүртіңіз. Қалған алма сірке суын шыны ыдысқа салып, қараңғы салқын жерде сақтаңыз. Және әр кеш сайын оны арқа және кеудеңізге жағыңыз.

Алоэ гелі

Алоэ гелі әртүрлі қабынуды емдеудің ерекше бір қабілетіне ие. Сондықтан бұл сіздің безеулеріңізді де қысқа мерзімде жояды. Алоэды екіге бөліп, гелін шығарып алып, кеудедегі және арқадағы безеулерге жағыңыз. Сонымен қатар оны беттегі безеулерге де қолдануға болады.

Күн сайын душқа түсіңіз

Күн сайын душқа түсу безеулердің қайта пайда болуына жол бермейді. Бұл сонымен қатар безеуді кетіруге және оны тез арада жоюға көмектеседі. Сондықтан күн сайын душқа түсуді әдетке айналдырыңыз. Және де кір киім киюден, кір төсекке ұйықтаудан аулақ болыңыз.

Қантты тағамдардан аулақ болып, А дәруменіне бай тағамдарды қолданыңыз

Құрамында қант мөлшері көп тағамдар безеу қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан, тәтті тағамдардан аулақ болыңыз және А дәруменіне бай тағамдарды қолданыңыз. А дәруменіне бай тағамдарға: ет, балық, сәбіз, ақжелкен, брокколи және қызыл бұрыш жатады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!