ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Тым көп жұмыс істеп, шаршап жүрсіз бе? Онда аяғыңызды мынаған малып, біраз отырыңыз. Барлық шаршауыңыз басылады!

Кейде біз өз жұмысымызға қатты мән бергеніміз соншалық, өзімізді де ұмытып кетеміз. Соңында бұл шаршауға әкеледі. Осы уақытта сіз не істейсіз? Көптеген адамдар тек жақсы ұйықтауды қалайды. Бірақ ұйықтау шаршауыңызды баспайды және ағзаңыздан токсиндерді шығармайды. Сондықтан біз сіздерге ең таңдаулы бір әдісті ұсынамыз. Бұл әдіс сіздің шаршауыңызды басып, барлық токсиндерді организмнен шығарып қана қоймай, қуат беріп, иммундық жүйені қалпына келтіреді.

Шаршау мен токсиндерден арылу үшін аяғыңызды суға малуыңыз керек. Бірақ бұл жай су емес. Бұл ингредиенттері бар су.

Құрамы:

  1. Жалбыздың эфир майы (essential oil)
  2. Теңіз тұзы
  3. Жалбыз шайы
  4. Зәйтүн майы
  5. Лимон шырыны
  6. Жылы су

Дайындау тәсілі:

Барлық ингредиенттерді жылы суға салып, араластырыңыз. Аяғыңызды дайын болған жылы суға 15 минут малыңыз. Содан кейін аяғыңызды таза сумен жуыңыз.

Ішкі органдардың жұмысы толықтай адам аяғына байланысты екенін білетін шығарсыз. Сондықтан аяғыңызды суға малып, массаж жасау сіздің денсаулығыңызға өте пайдалы. Бұл әдісті қолданып көруден тартынбаңыз, бұл сізді қуатқа толтырып өзіңізді жақсы сезіндіреді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!