БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ғалымдар адамның жасына қарай күніне ұйықтайтын уақытын анықтады. Неше сағат ұйықтауыңыз керек екенін біліп алыңыз!

Ұйқы дегеніміз – ғылым тілімен айтқанда, жүйке жүйесінің демалуы. Белгілі ресейлік психолог және ғалым И.П.Павлов «Ұйқы дегеніміз күндізгі шаршаудан естен танып жығылуды білдірмейді, мидың миллиондаған жүйке жасушаларын өлімнен құтқарады және бүкіл денені шоктан, жүйке тозуынан сақтайды.» деген. Басқаша айтқанда, ұйқы ертеңгі энергияны толтырады және әрі қарай өмір сүруді қамтамасыз етеді.

Ғалымдар адамның ұйықтау керек сағатын осылай көрсеткет:

  1. Жаңа туған нәрестелер – 22-23 сағат
  2. 2-4 жастағы балалар – орта есеппен 15-16 сағат
  3. 4-7 жастағы балалар – орта есеппен 11-12 сағат
  4. 8-10 жастағы балалар – 10-11 сағат
  5. 11-12 жастағы балалар – 10 сағат
  6. 13-14 жастағы балалар -9,5 сағат
  7. 15-16 жас аралығындағы балалар -9 сағат
  8. 17-18 жастағы балалар -8,5 сағат
  9. Ересектер – 7-8 сағат
  10. Егде жастағы адамдар үшін – 5-7 сағат ұйықтау жеткілікті.

Осы мөлшерден аз және көп ұйықтау денсаулыққа зиян екенін халықаралық ұйқыны және невропатологтарды талдау бөлімі дәлелдеген. Ұйқысыздық немесе ұйқының болмауы зейіннің нашарлауына әкеледі. Бұл сонымен қатар көлік жүргізу кезінде немесе жол қозғалысына қатысу кезінде апаттар қаупін де арттырады.

Адамның ұйқысын 1-2 сағатқа төмендету ағзаның денсаулығына кері әсерін тигізіп қана қоймай, ойлау қабілетті де нашарлатады. Сондай-ақ, ата-аналардың көпшілігінде балаларын ұйқыдан айыруға тырысатын жаман әдет бар делінген. Егер баланы уақытында және белгілі бір уақытта ұйықтатпаса, жақсы оқуды айтпағанда, оны ауруға бейім етеді.

Ұйқы зерттеушілер түнде ұйқысыз болған жағдайда төмендегі әдістерді ұсынады.

  1. Сағатқа қарамаңыз
  2. Сол уақытта теледидар көруден немесе кітап оқудан аулақ болыңыз.
  3. Ұйқысыз болған кезде көптеген ойлар қатарынан жалғсады. Оны тоқтатыңыз. Ештеңе ойламаңыз, өзіңізді «мен ұйықтап жатырмын, демалып жатырмын» деп көндіріңіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!