ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Күріш маскасының арқасында менің әпкем 20 жастағы қыз сияқты көрінді! Сіз де біліп алыңыз

Сіз он жаспен жас көрінгіңіз келе ме? Бетіңізді тегіс, жарқын және әжімсіз ұстау үшін осы әдісті қолданып көріңіз. Жапон қыздарының ғасырлар бойы күрішті сұлулық үшін қолданып келе жатқандығы – олардың ақ қардай тегіс терісінің айғағы. Күріш линол қышқылына және скваленге, күшті антиоксидантқа бай өнім.

Сквален коллаген шығарады. Бұл теріні күннің ультрафиолет сәулесінен қорғайды және әжімдердің алдын алады. Күріш сонымен қатар Е дәрумені мен гамма-орнизолға бай. Және де гамма орнизол жүрек қызметін қолдауға көмектеседі және қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.

Әжімдерді ағартуға және тегістеуге арналған супер маска жасау әдісі.

Құрамы:

  1. Күріш – 3 ас қасық
  2. Сүт – 3 ас қасық
  3. Бал – 3 ас қасық

Қалай дайындау керек?

  1. Күрішті қайнатып және суын сүзіңіз. /сүзілген суды төкпеңіз./
  2. Пісірілген күрішке жылы сүт пен бал қосып, жақсылап араластырыңыз.
  3. Дайын болған қоспаны тазартылған бетке біркелкі жағыңыз.

Масканың құрғағанын күтіңіз.

Маска құрғағаннан кейін, бетіңізді күріш суымен жуыңыз.
Күріш суы детоксикация әсеріне ие. Ол теріні ылғалдандырады және қан айналымын жақсартады. Сонымен қатар, ол сепкілді, сия дақтарды кетіреді және терінің қабынуын емдейді.

Егер сіз денеңізді күнге күйдіргіңіз келсе, жағаға барар алдында бетіңізге осы масканы жағыңыз. Бұл теріні ылғалдандырады және әжімдердің пайда болуына жол бермейді.

Нәтижесі:

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бұл масканы аптасына бір рет қолданыңыз. Бір айда сіз қазіргіден 10 жаспен жас болып көрінесіз. Сонымен қатар, шашты күріш суымен жуу, оны жұмсақ әрі жылтыр етеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!