БІЛІМ

Қандай адамдардың қан тамырлары жуан және көзге айқын көрінеді?

Біздің қан тамырлар – жүрекке оттегі мен басқа элементтерді жеткізуде маңызды рөл атқаратын жүйе. Жалпы, біз бұған көп назар аудармаймыз, тек тері астындағы қан тамырларының жуандағанында ғана мән береміз. Егер сіздің қан тамырларыңыз кенеттен жуан және көзге айқын болып көрінсе, не істеу керектігін білмесеңіз, қатты уайымдамаңыз. Кейде денсаулық жағдайындағы елеулі өзгерістерді білдіретін болса, кейде табиғи шығу тегі бар және қауіпті емес.

#1 Қан тамырларының айқын көрінуі теріңізге байланысты болуы мүмкін

Қара теріге қарағанда ақ теріге ие адамдардың қан тамырлары айқын көрінеді. Жұқа теріге де қатысты. Біз қартайған сайын тері астындағы майлар жұқарады, сондықтан қарт адамдардың қолдары мен аяқтарындағы қан тамырлары айқын көрініп тұрады. Кейбір адамдар үшін қан тамырлары табиғи түрде жұқа терінің астынан көрініп тұрады.

#2 Жаттығу кезінде қан тамырлары жуандап айқын көрінеді

Жаттығу кезінде қан тамырларының жуан, айқын көрінуі қалыпты жағдай. Себебі жаттығу кезінде бұлшық еттер жақсы жұмыстап, қан айналымы тездейді. Бұл қан тамырларын жуан және айқынырақ көрсетеді. Бірақ жаттығу аяқталып, дене тынышталған кезде қан тамырлары күңгірттенеді.

#3 Жүктілік кезінде қан тамырлары айқын көрінеді

Көптеген әйелдер жүктілік кезінде қан тамырлары жуандап көзге айқын көрінеді. Бұл проблема емес. Жүкті әйелдердің қан айналымы басқа әйелдерге қарағанда екі есе жылдам болады. Сондықтан олардың қан тамырлары жуан әрі көзге айқын көрініп тұрады.

#4 Арық адамдардың қан тамырлары айқын көрінеді

Сондай-ақ, арық адамдардың қан тамырлары айқын болуы жиі кездеседі. Арық адамдардың тері астындағы май қабаты жұқа болады. Яғни қан тамырлары жұқа терінің астынан айқын білдіреді.

#5 Алайда, егер қан тамырлары жуандап, көзге айқын көрінетін болса, дәрігерге барудың бірнеше себептері бар

Көп жағдайларда қан тамырлары жуандап, көзге айқын көрінуі проблема тудырмайды. Бірақ, егер сізде қосымша кеудедегі ауырсыну, ентігу, қан тамырларының жанында жаралар немесе ісіну болса, сіз міндетті түрде маманға баруыңыз керек.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!