ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Мұны бетіңізге жағып, безеулер мен дақтардан құтылыңыз!

Кез-келген әйел адам терісіне күтім жасап, оны мінсіз еткісі келеді. Безеулер мен тыртықтар бұған жол бермейді. Сұлулықты бұзады. Бірақ бір ғана зат олардан құтылуға көмектеседі дегенге сенесіз бе? Бүгін біз сізге бетіңіздегі безеулер мен дақтарды кетіретін және сізді мінсіз етіп көрсететін сиқырлы затты ұсынамыз. Ендеше ақпараттың егжей-тегжейімен танысайық.

Дақтарды, тыртықтарды кетіру
Алма сірке суының құрамында теріге оң әсер ететін ингредиенттер бар, сондықтан сіз бұл өнімді үйде қолданып көрсеңіз, теріңіз жас әрі ылғалы болады. Бір стакан суға бір шай қасық алма сірке суын қосып араластырыңыз да, оны мақтаға сіңіріңіз. Бетіңізді тазалағаннан кейін, мақта маскасын жағып, 30 минут қалдырыңыз. Осы әдісті күн сайын 6 апта бойы қолдану арқылы дақтардан оңай құтылуға болады.

Бет терісінің безеулерін жою
Алма сірке суы құрамында алма қышқылы көп болғандықтан, біздің бетіміздегі безеу мен басқа да пустулаларды емдеп, олардың қайта пайда болуына жол бермейді. Бұл қышқыл сонымен қатар бет майының деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Сондықтан бұдан кейін безеулер туралы алаңдамайсыз.

Сіз бір қасық алма сірке суын екі стакан суға қосып араластырып, оны мақтаға сіңіріңіз. Кейін бетіңізді сол мақтамен сүртіңіз.

Күннен қорғайды
Күн сәулесінде тым ұзақ тұрғаннан кейін, күн сәулесінің ықтималынан қорғану үшін бетіңізді алма сірке суымен сүртіңіз.

Қайызғақтан арылу
Сіз қолданатын сусабынға аз мөлшерде алма сірке суын қосып, шашыңызды жуып көріңіз. Ол сіздің қайызғағыңызды оңай жояды.

Терінің көгеруі
Алма сірке суы қан айналымын жақсартатын және қабынуды емдейтін қасиетке ие болғандықтан, сіз алма сірке суын мақтаға сіңіріп, оны көгерген немесе түсі өзгерген жерге жағыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!