ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Осыны оқығаннан кейін сіз әр таң сайын зімбір шайын ішетін боласыз!

Көптеген адамдар таңғы асқа үнемі жасыл шай немесе кофе ішеді. Олар дәмді. Бірақ сіздің денсаулығыңызға оң әсерін тигізбейді. Сондықтан біз сіздерге таңды жігерлі бастау үшін зімбір шайын қалай қайнату керек, сонымен қатар зімбір шайының пайдалары туралы ақпаратты дайындадық.

Зімбір шайы
Зімбірдің құрамында C және B6 дәрумендері мен минералды заттар бар. Олар ауырсынуды жеңілдетуге, қабынуды азайтуға және тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге көмектеседі. Сонымен қатар:

  1. Иммундық жүйені жақсартады. Зімбірдің құрамындағы «gingerol», «shogaol» атты ингредиенттер вирусқа және бактерияға қарсы қасиеттерімен иммундық жүйеңізді нығайтады.
  2. Қабынуға қарсы шығады. Сонымен қатар, ол ағзадағы барлық қабыну түрлерін азайтады және көптеген аурулардан сақтайды.
    З. Мидың жұмысын жақсартады. Зімбірді үнемі тұтыну сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартып және миды қанмен қамтамасыз етеді. Сондықтан дәрігерлер оны үнемі қолдануды ұсынады. Сонымен қатар, бұл стресске де жол бермейді.
  3. Қан айналымын жақсартады. Зімбір қан айналымын жақсартады және тамырлардың жіңішкеруіне жол бермейді. Бұл холестерин мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға және инфаркт қаупін азайтуға көмектеседі.
  4. Асқорыту жүйесін жақсартады. Асқазан ауру, жүрек айну, құсу, ашуланшақтық және диарея сияқты ауруларды емдей алады.
  5. Қатерлі ісіктен қорғайды. Көптеген зерттеушілер зімбірдің рак клеткаларының өсуіне жол бермейтінін және терінің, бауырдың, қуық пен ұйқы безінің қатерлі ісіктеріне қарсы тиімді екенін анықтаған.

Зімбір шайын қалай дайындауға болады?

Құрамы:

  1. 4-6 кішкене тілім зімбір
  2. 500 гр қайнаған су
    З. Органикалық бал /дәмдендіру үшін аз мөлшерде/

Дайындау әдісі:

Суды ыдысқа құйып қайнатыңыз. Содан кейін жоғарыдағы зімбір мөлшерін қосып, отты азайтыңыз. Кейін тағы 15 минут қайнатыңыз да, оны кесеге құйыңыз. Дәміне қарай аз мөлшерде бал қосып араластырыңыз. Егер сіз күн сайын таңертең осы рецепт бойынша шай дайындайтын болсаңыз, онда сіз өзіңізді жоғарыдағы аурулардан толықтай сақтай аласыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!