БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

89 жастағы миллиардердің өмірлік алты қағидасы

30-шы тамызда 90 жасқа толатын «Berkshire Hathaway» компаниясының бас директоры миллиардер Уоррен Буффеттің алты кеңесін ұсынамыз.

1. Дұрыс адаммен тұрмыс құрыңыз.
Буффетке келетін болсақ, ол өзінің капиталын аз ғана қаражат жұмсап өсіргендердің бірі. Егер сіз одан «Өміріңізде қабылдаған ең маңызды шешім қандай?» Деп сұрасаңыз, оның ақшаға еш қатысы жоқ. Себебі ол «Кіммен үйлену керектігін таңдау менің өмірімдегі ең маңызды шешім болды.» деп жауап берген. Сондай-ақ ол «Сіз адамдардың қандай болғанын қалайсыз? Сондай адамдардың ортасында жүріңіз. Мен мұның қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алмаймын.» – деген. Және де ол компания конференциясында «Егер сіз дұрыс адамға тұрмысқа шыға алатын болсаңыз, өміріңізді өзгерте аласыз. Мен бұл таңдауды өте байыпты қабылдағанмын. Жақсы жұбай ол сіздің армандарыңыздан бастап бәрін өзгертеді.» деген.

2. Өзіңізге инвестиция жасаңыз.
«Өзіңізге инвестиция жасау- бұл ең жақсы инвестиция. Адамдармен жазбаша және жеке сөйлесуді үйрену ең маңыздысы. Бұл сіздің құндылығыңызды кем дегенде 50 пайызға арттырады. Және де жас кезіңізде денеңіз бен ақыл-ойыңызға қамқорлық жасаңыз. 50-ге толғанда өзіңізге қамқорлық жасауға өте кеш қаласыз.

3. Жоғары деңгейлі адамдармен байланыс орнатыңыз.
Өзіңізді өзіңізден мықты, артық адамдармен қоршау ең маңызды нәрселердің бірі. Егер сіз білімді, жоғары деңгейлі адамдармен дос болсаңыз, сіз оларға ұқсауға тырыса бастайсыз. Егер сіз өзіңізден нашар адамдармен достассаңыз, сіз сол бағытқа тартылатын боласыз.

4. Құрметтейтін адамдарыңыз үшін жұмыс істеңіз.
Сіз өзіңіздің ең жақсы көретін, ең құрметтейтін адамдар үшін жұмыс істеуге тырысыңыз. Жалақы сіздің абыройыңыздан маңызды болса да, сіз ешқашан ақша үшін жұмыс жасамаңыз.

5. Басқа адамдардың айтқанына мән бермеңіз.
Мен экономистердің айтқанына мән бермеймін. Егер сіз экономистердің өмірбаянын оқысаңыз, олар ешқашан акцияларды сатуға көп ақша жұмсамайды. Бірақ ең қызығы, сол акцияны сатып алатын адамдар оларды тыңдайды.

6. Жетістік ақшамен өлшенбейді.
Буффет – әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Бірақ оның жетістігінің мәні байлықпен өлшенбейді. Айлайда оны жақсы көретін ең жақын адамдарымен өлшенеді. Егер сіз біреуге сүйіспеншілікпен қарасаңыз, ол сізге одан екі есе көп сүйіспеншілікпен қарайтын болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!