БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Миды зақымдайтын біздің күнделікті жасайтын әдеттеріміз, осыларды бұдан кейін ешқашан жасамаңыз!

Дененің басқа бөліктері сияқты ми да белгілі бір факторлардың әсерінен зақымдалады. Басқа органдардан айырмашылығы, біз күнделікті іс-әрекетімізбен миымызды өзіміз білмей зақымдаймыз.

#1 Басқалармен сөйлеспеу

Мичиган университетінің зерттеушілері біреумен күніне 10 минут сөйлесу мидың қуатын арттыратындығын анықтаған. Бірақ бұл сіз сөйлей беру керек дегенді білдірмейді.

#2 Қантты шамадан тыс тұтыну

Зерттеушілердің айтуы бойынша, қантты шамадан тыс тұтыну миға, әсіресе ұзақ мерзімді есте сақтау кабілетке кері әсер етеді деген.

#3 Миды дамытпау

Адамның миы 16-25 жас аралығында белсенділік пен дамудың шыңына жетеді және 25 жастан кейін біртіндеп төмендейді. Алайда, егер ми оқуға үйренбеген болса, ол тез нашарлайды.

#4 Таңғы ас ішпеу

Студенттер арасында жүргізілген зерттеу бойынша, таңғы ас ішпейтін студенттерге қарағанда үнемі таңғы ас ішетін студенттердің белсенділігі мен бағалары едәуір жоғары болып шығыпты. Таңғы ас ішпеу қандағы глюкозаның деңгейін төмендетеді және миға кері әсер етеді.

#5 Фастфуд жеу

Фастфуд және қуырылған тағамдар ми тіндерінің байланыстарын бұзады және қысқа, ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетті нашарлатады. Зерттеушілер сонымен қатар фастфудты көп жеу депрессияға әкелетінін анықтаған.

#6 Балмұздақ жеу

Салқын тағамдарды, әсіресе балмұздақты жегенде, жүрек миға көп мөлшерде жылы қан жібереді және оны жылы ұстау үшін қан тамырларын кеңейтеді. Осыған байланысты сезінетін симптом – бас ауруы.

#7 Смартфон

Смартфондардың адамның ми тініне кері әсер ететіндігін егеуқұйрықтарға жүргізген зерттеулер арқылы дәлелдеді. Алайда, қазіргі заманда смартфонды қолданбау мүмкін емес, сондықтан зерттеушілер телефонмен сөйлескен кезде дауыс зорайтқыш немесе құлаққапты мүмкіндігіңізше қолданыңыз деп кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!