БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

3 айда БАУЫРДЫ қалай толығымен тазартуға болады?

Біз әрқашан таза ортамда өмір сүру үшін үйімізді тазалаймыз. Бірақ, бізді тірі ұстайтын денеміз еш тазаламайтынымыз өкінішті. Бауыр біз тұтынатын барлық заттардың токсиндерін өзіне сүзіп алады. Бұл ластанудың артуымен сіз шаршап, қалыпты метаболизмді сақтай алмайсыз. Сондықтан төмендегі ақпараттың көмегімен бауырыңызды 3 айда толық тазартыңыз!

#1 Салауатты өмір салты

Бірінші қадам – ішімдік пен темекі шегуден бас тарту. Темекі өкпеге ғана емес, сонымен бірге бауырға да өте зиян.

Біз күнделікті жейтін дәруменге бай көкөністер, жемістер, ет, сүт бауырды қоректендіреді және оның жұмысын жақсартады. Оның ішінде сәбіз, қызылша, цитрус жемістері, артишок, сүт өнімдері және В12 витаминіне бай тағамдар бауырға қолдау көрсетеді.

#2 Бауырды тазарту кезінде жеуге болмайтын тағамдар:

Таңертеңгілік дәнді дақылдар мен қант құрамы жоғары тағамдар қандағы қантты көбейтіп, бауыр қызметін нашарлатады.

  1. Ұн өнімдері
  2. Дайын және жартылай фабрикаттар
  3. Сақтау мерзімін ұзартатын, нығайтатын қоспалар
  4. Тунец балық
  5. Дайын ет өнімдері: шұжықтар, оралған еттердің әр түрлі түрлері.
  6. Май
  7. Тәmmі
  8. Грильдегі тағамдар
  9. Доңыз еті
  10. Ащы дәмдеуіштер
  11. Тұзы көп тағамдар
  12. Консервіленген өнімдер
  13. Дәмдеуіштер (кетчуп және т.б.)
  14. Балмұздақ
  15. Кофе және газдалған сусындар
  16. Антибиотиктер

#3 Жеуге болатын тағамдар

  1. Жемістер
  2. Көкөністер
  3. Жаңғақтың барлық түрлері
  4. Бұршақ
  5. Балық еті
  6. Құс және мал еттері

#4 Ішуге болатын сусындар

Жеуге болатын және жеуге болмайтын нәрселерден басқа, ішуге болатын және болмайтын нәрселер де бар. Ішуге болатын сусындар:

  • Таза су
  • Көк шай (күніне кем дегенде 5 кесе)

Денсаулыққа пайдалы коктейль:

Құрамы: 1 қызылша, 1 аршылған қияр, 1 лимон, 1 алма, 2 шай қасық зәйтүн майы.

Дайындау әдісі: Барлық көкөністер мен жемістерді миксерге салып араластырыңыз. Оған зәйтүн майын қосып, күніне 1 рет ішіңіз. Бұл шырын бауырдағы токсиндерді жояды. Сонымен қатар шаш пен терінің денсаулығына да оң әсері бар.

Ішуге болмайтын сусындар:

  1. Газдалған сусындар
  2. Алкогольдің барлық түрлері
  3. Тәтті сусындар мен шырындар
  4. Тұзы көп шай

#5 Бауырды тазарту кезінде ұстанатын маңызды ережелер

  1. Аз-аздан жиі тамақтаныңыз. Бір тамақтанған кезде 200 граммнан артық тамақтанбаңыз.
  2. Ақуызға бай малдар мен балықтардың еттері және сүт өнімдерін күн сайын қолданыңыз.
  3. Майларды өте аз тұтыныңыз. Себебі май қанға түсіп, бауырды зақымдауы мүмкін.

#6 Бауырды тазартуға ең тиімді өнімдері

Осыларды күнделікті қолдану бауыр қызметін қолдайды.

Сарымсақ: күніне 3-4 түйір сарымсақ бауырды токсиндерден тазартуға көмектеседі.

Грейпфрут: С витаминіне бай, оның құрамында бауырды тазартуға көмектесетін антиоксиданттар бар. Күніне 1 грейпфрут шырынын ішу ағзаның дәрумендерге деген қажеттілігін қанағаттандырады және бауыр жасушаларын қалпына келтіреді.

Қызылша мен сәбіз: Қанды тазартады және ауыр металдарды шығарады. Бұл бауырдың жұмысына оң әсер етеді.

Жасыл шай: Құрамында «катехин» деп аталатын көптеген антиоксиданттар бар. Ол бауыр қызметін тұтастай қолдайды.

Алма: Алма тоқ ішекті тазартады және денеден ауыр металдарды шығарады.

Зәйтүн майы: Дененің жалпы жағдайын жақсартады. Бұл бауырдың ауыртпалығын азайтады және оның денсаулығын нығайтады.

Жаңғақ: Жаңғақта бауырға пайдалы омега-3 және басқа қоректік заттар көп.

Авокадо: Бұл глутатион деп аталатын затты өндіру үшін маңызды, ол бауыр токсиндерін уытсыздандыруға өте қажет зат.

Қырыққабат: Ауыр металдардың, химиялық заттардың және пестицидтердің әсерін азайтады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!