БІЛІМ

Баланың кітап оқу қызығушылығын қалай арттыруға болады?

Кітапқа құмар балалар бар. Бірақ кітапты ұнатпайтын балалар да бар. Балалардың қызығушылықтарын шектеуге немесе мәжбүрлеуге болмайды. Бірақ «Кітап білім бұлағы» және «Егер сіз оқуды тоқтатсаңыз, сіз ойлауды тоқтатасыз» сияқты афоризмдер оқудың маңызды екенін еске салады. Егер балаңыз кітап оқығанды ұнатайтын болса төмендегі кеңестерге назар аударыңыз.

1. Балаңызға күн сайын кітап оқып беріңіз.

Ең алдымен балаларыңызға ұнайтын ертегі немесе сурет салынған кітап таңдаңыз. Сонда сіздің балаңыз кітапты тізесіне қойып, оқығысы келе бастайды. Сол кезде бала мазмұнын оңай түсіну үшін өзіңіз дауыстап оқып беріңіз. Тыңдау және қабылдау қабілеті де жетіледі. Егер бұл әдет сәби кезінде басталса, бала табиғи «белсенді оқырманға» айналады.

2. Балаңыздың жанында күн сайын оқыңыз.

Бала үшін сіз жақсылықтың ең жақсы көрінісі және айқын мысалсыз. Сондықтан сіз оған тек жақсы үлгі болуыңыз керек. Олар әрдайым ата-аналарының сөздеріне мән беріп, және іс-әрекеттерін кішкентай көздерімен бақылайды. Сіздің ізіңізді басып, сіз кеше немесе былтыр жасаған нәрсеңізді қайталап жасауға тырысады.

3. Балаңызбен бірге кітап дүкеніне барыңыз.

Сосын, егер сіздің балаңыз бір кітапқа қызығушылық танытса, оны міндетті түрде алып беріңіз. (Егер бұл жаман нәрсені үйрететін кітап болмаса.) Содан кейін ол кітаптарды өзі алып, сізге әкеледі. Кішкентай балаға арналған кітап – бұл оның санасына ең үлкен инвестиция.

4. Отбасылық оқу күнін белгілеңіз.

Аптаның бір күнінде 1 сағат немесе 30 минут отбасыларыңызбен бірге кітап оқыңыздар. Бұл мүмкін емес немесе қызықсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ сіздің мақсатыңыз – «оқу» ұйқы келтіретін қызықсыз жұмыс емес, сергітетін және әлемді танытатын қызықты жұмыс екенін көрсету. Балаңызға осының барлығын түсіндіру үшін кішкене шығармашылықпен айналысыңыз.

Алдымен оқудың қуанышқа бөлейтінін үйретіңіз. Сонда сіздің балаңыз нені оқып, өзін қалай дамыту керектігін өзі біледі.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!