ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Аптасына күндіз 1-2 рет ұйықтайтын адамдарда жүрек-қан тамырлар аурулары болмайды

Швейцариядағы Лозанна университетінің медициналық орталығының зерттеушілері бес жыл ішінде бұрын-соңды жүрегінде ауыр проблема болмаған 3,5 мың адамды зерттеп, күндізгі ұйқының адам ағзасына қандай әсер ететінін зерттеген.

Қатысушылардың кейбіреулері күндіз, аптасына екі рет ұйықтауды әдетке айналдырған. Ал кейбіреулері күн сайын бір сағат ұйықтайтын болса, кейбіреулері күндіз мүлдем ұйықтамаған.

Зерттеушілер зерттеу барысында жүрек-қан тамырлары асқынуларының 155 түрін тапқан. Аптасына түсте бір немесе екі рет ұйықтайтын адамдарда жүрек-қан тамырлары аурулары аз болып шыққан. Зиянды әдеттер жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеледі. Бірақ қауіп-қатерге ұшыраған адамдардың кейбіреуі аптасына бір немесе екі рет түсте ұйықағанды әдетке айналдырған. Олардың жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыру ықтималдығы 48 пайызға аз екендігі анықталған.

Бір таңқаларлығы, күндіз күніне бес-алты рет ұйықтаған адамдар бірдей нәтиже көрсете алмаған. Кейбір жағдайларда ауру қаупі тіпті артқан. Бұл дегеніміз, көп ұйқытау дененің кез-келген функциясы қалыпына келдіреді дегенді білдірмейді. Ғалымдар күндізгі ұйықтау шамадан тыс болса қауп-қатерге ұшыратады деген болжамға келген.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!