БІЛІМ

10 минуттың ішінде жасауға болатын дәмді шоколад десерттері

Шоколадты көрген кезде сіз өзіңіздің ұстай алмай кетесіз бе? Бірақ сіз мұны тез арада үйде жасай алатыныңызды білесіз бе? Ендеше бұл жолы біз сіздерге оңай, әрі дәмді шоколад десерттерді қалай жасау керектігін ұсынамыз.

Тостағандағы маффин

Құрамы:

  1. 3 қасық ұн
  2. 1 шай қасық еритін кофе дәндері
  3. 2 ас қасық какао ұнтағы
  4. 2,5 ас қасық қант
  5. 1/4 қасық наубайшы ұнтағы
  6. 2 қасық сүт
  7. 1 жұмыртқа
  8. 2 қасық өсімдік майы
  9. 1/2 қасық ванилин

Дайындау:

  1. Ыдысқа ұн, кофе, какао ұнтағы, қант және наубайшы ұнтағын салып жақсылап араластырыңыз.
  2. Оған сүт, жұмыртқа, өсімдік майы және ванилин қосыңыз. Шанышқы пайдаланып жақсылап араластырыңыз.
  3. Қоспаны сары маймен майланған ыдысқа құйып, микротолқынды пеште ең жоғары температурада 90 секунд пісіріңіз.
  4. Нәтижесінде ванильдің хош иісі бар маффин дайын болады.

Шоколад бровни

Құрамы:

  1. 150 гр май
  2. 65 гр какао ұнтағы (қантсыз)
  3. 200 грамм қант
  4. 2 жұмыртқа
  5. 1 қасық ваниль сығындысы
  6. 100 гр ұн

Дайындау:

  1. Майды микротолқынды пеште 30 секунд ерітіңіз. Қант, какао ұнтағы және ваниллин қосып, жақсылап араластырыңыз.
  2. Жұмыртқаларды бір-бірден қосып, үстіне ұн қосып, жақсылап араластырыңыз.
    З. Содан кейін майланған ыдысқа құйып, микротолқынды пешке салыңыз. Микротолқынды пешті жоғары температурада 4-5 минут ұстаңыз.

Шоколадты торт

Құрамы:

  1. 100 гр ұн
  2. 100 гр шоколад
  3. 100 гр қант
  4. 50 гр май
  5. 3 жұмыртқа
  6. 1 қасық ас содасы
  7. 1 Нутелла

Дайындау:

  1. Май мен шоколадты қыздырып, араластырыңыз.
  2. Жұмыртқаны араластырғаннан кейін оларды қантпен біртектес болғанша араластырыңыз.
  3. Араластыруды жалғастыра отырып ұнды жұмыртқа қоспасына қосыңыз. Қоспа жеңіл және пушистый болуы керек.
  4. Соданы және шоколадты /сәл салқындағаннан кейін/ қоспаларға қосып араластырыңыз. Микротолқынды пештің ең жоғары температурасына 5 минут пісіріңіз.
  5. Дайын болған шоколадты тортты үш бөлікке бөліп, олардың әрқайсысына Нутелла жағыңыз. Міне бар болғаны осы ғана!

Шоколадты шарлар

Құрамы:

  1. 300 гр печенье (шоколады мол)
  2. 2/3 стакан қою сүт
  3. 100 гр май
  4. 3 ас қасық какао ұнтағы

Дайындау:

  1. Печеньелерді ұнтақтаңыз.
  2. Жеке ыдыста какао ұнтағын сүт және аздап жұмсартылған маймен араластырыңыз.
  3. Қоспаға печеньенің ұнтағын қосыңыз. Алдымен қасықпен араластырыңыз, содан кейін қолмен илеңіз.
  4. Қоспадан дөңгелек картоп пішінді жасап, оның үстіне печеньенің ұнтағын себіңіз.

Шоколадты фондю

Құрамы:

  1. 200 гр шоколад
  2. 100 мл қаймақ
  3. Аралас жемістер

Дайындау:

  1. Шоколадты ерітіңіз. Оның үстіне қаймақ қосып араластырыңыз.
  2. Қоспаны бірнеше ыдысқа құйыңыз. Жемісті шанышқымен батырыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!