ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Көздің айналасындағы әжімдерді қалай оңай кетіруге болады?

Біздің өмір салтымыз бен қартаю салдарынан көз астында жұқа әжімдер пайда болады. Мұны минималды деңгейде сақтау маңызды. Өйткені күлімсіреген кезде терең әжімдер пайда болып көзге айқын көрініп тұрады. Бүгін біз сіздерге көз астындағы әжімдерден арылудың оңай жолын ұсынамыз.

Теріні ылғалдандырады, күн сәулесінен қорғайды және әжімдерді кетіріп олардың көбейуіне жол бермейді. Бірақ теріні сақтау үшін қымбат косметика сатып алудың қажеті жоқ. Біз сіздерге теріні керемет ылғалдандырып, әжімдерден оңай арылуға болатынын рецепт үйретуге дайынбыз.

Құрамы:

  1. Кокос майы – 1 қасық
  2. Е дәрумені – 2 капсула
  3. Эфир майы – 2 тамшы

Кокос майына Е дәрумені мен эфир майын қосып, араластырыңыз. Оны таза ыдысқа салып тоңазытқышта сақтаңыз. Салқындатылған косметика теріге жақсы еніп, оның тиімділігін арттыра алады.

Кешке жатардан екі сағат бұрын бетіңізді жуып, тоңазытқышта сақталған майды көздің айналасына жағыңыз. Кейін саусағыңыздың ұшымен ақырын уқалаңыз. Сондан ұйықтай беруіңізге болады. Таңертең сіз бетіңізді жуып, күнделікті макияжды жасай аласыз.

Осы майды күн сайын кешке жағып, көздің айналасын қатайтыңыз. Бір қарағанда көздің айналасындағы әжімдер жоғалып кетеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!