ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бетіңізді неге суық сумен жуу керек?

Таңертең ұйықыдан оянып салқын ваннаға түссек, бірден сергіп кетеміз деп ойлаймыз. Бірақ бұл жалғыз артықшылық емес, бетті салқын сумен тазартудың да көптеген оң әсерлері бар. Бетіңізді суық сумен жуу сізге керемет 5 түрлі пайдасын тиігізеді.

#1. Теріңіз тегіс және таза болады.
Салқын су қан айналымын арттырады. Бұл бет терісіне жақсы әсер етеді және кірді кетіруге, бетті тегіс таза ұстауға көмектеседі.

#2. Қартаюды баяулатады
Суық судың тағы бір артықшылығы – әжімдерді кетіріп, жас теріні сақтайды. Себебі суық су күйзелісті және эмоционалды тұрақсыздықты жоя алады.

#3. Стресстен пайда болған беттегі бөртпелерді жояды
Бұл сізге эмоционалды тұрақсыздық пен терідегі стресстен оңай арылуға көмектеседі.

#4. Бетті ағартып тазартады
Жылы су терідегі май мөлшерін азайтады. Және құрғақтық тудыруы мүмкін. Ал суық су тесіктерді кішірейтіп, ағарта алады. Бет терісін қатайтып, теріні ағартуға маңызды әсер етеді.

#5. Белгілі бір тері ауруларынан қорғайды
Шамадан тыс ыстық душ тері қабынуды, қызаруды, қышуды, ал кейбір жағдайларда қабыршақтануды тудыруы мүмкін. Бірақ суық су керісінше. Сондықтан терісі нәзік адамдар үшін ең жақсы таңдау – салқын душ. Сондай-ақ, теріңіз қышып тұрса, суық душ қабылдауды ұсынамыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!