ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Әжімдерді жоюға арналған куркума маскасы! Менің анам осыны қолданып бір айдың ішінде әжімдерінен арыла алды

Үндістанда жиі қолданылатын куркума ең жақсы антиоксидант болып табылады. Оның көптеген артықшылықтары бар, соның ішінде дәмдендіргіш пен денсаулыққа пайдасы мол. Куркуманы теріге жаққан кезде коллаген ынталанады. Және құрамында ацин деген зат бар, ол зақымдалған тері жасушаларының қалпына келуіне ықпал етеді. Куркума ұнтағы дақтар мен сепкілдерді жойып теріні ағартады, тері тесігін азайтады және теріні сау және серпімді етеді. Міне, осы сиқырлы сары ұнтақпен теріңізді қалай жарқын және сау етуге болатындығы туралы өте қарапайым маска рецептін ұсынамыз.

Құрамы:

  1. 1 шай қасық куркума ұнтағы
  2. 1 шай қасық айран немесе сүт
  3. 1 шай қасық ара балы

Дайындау әдісі:

Жоғарыда аталған барлық ингредиенттерді біріктіріп, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бет пен мойынға біркелкі жағыңыз. 30 минуттан кейін жылы сумен жуып, ылғалдандыратын крем немесе тоник қолданыңыз. Бұл масканы аптасына екі рет қолдануға болады.

Бұл масканың әсері әжімдерді азайтуға, безеулерді және сепкілдерді кетіруге, және де қызаруды басуға көмектеседі. Масканың құрамында калий, кальций, магний сияқты минералдар мол мөлшерде бар. Сонымен қатар, C және B6 дәрумендеріне бай.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!