БІЛІМ

Микротолқынды пеште ешқашан жылытуға болмайтын 4 тағам!

Жылдам қыздырғыштар немесе микротолқынды пештер алғаш 1940 жылдары пайда болған. Содан бері бұл зат ас үйдегі ең маңызды заттардың біріне айналды. Алайда бұған барлық тағамдарды жылытуға болмайды. Сондықтан бұл жолы біз сіздерге ешқашан жылытып жеуге болмайтын 4 тағамды ұсынамыз.

#1. Қайнатылған жұмыртқа

Микротолқынды пеште қайнатылған жұмыртқаларды қыздыру су молекулаларында будың пайда болуына әкеліп, қысымын жоғарлатады. Жұмыртқалардың қабығы жұқа болғандықтан және қысымды мүлде ұстай алмайтындықтан, кішкене жарылыс пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ ақуыздың шамадан тыс мөлшері қайта қыздырылған кезде улы реакцияларға айналып, адам денсаулығына кері әсер етеді.

#2. Сәбіз

Сәбізді микротолқынды пеште пісіруге және жылытуға болады. Бірақ шикі сәбіз қауіпті, әсіресе қабығы бар кезінде өте қауіпті. Егер сәбізді дұрыс жуып, тазаламаса, сәбіздің топырағындағы минералдар микротолқынды пеште ұшқын тудырып, жарылыс пайда болады. Сондықтан оны дұрыс жуып, тазалап қолдану керек.

#3. Шұжықтар

Шұжық өнімдері пайдалы тағам емес, өйткені олардың құрамында тұз бен қосымша химиялық заттар көп мөлшерде бар. Ең бастысы, шұжық өнімдерін микротолқынды пеште қыздыру холестерин деңгейін жоғарылатады. Бұл жүрек-қан тамырлары қаупін тудыруы мүмкін.

#4. Су

Микротолқынды пеште суды жылыту оңай болғанымен, зерттеушілер бұл өте қауіпті қадам екенін анықтаған. Себебі микротолқынды пештегі электромагниттік толқындар су молекулаларының қызып кетуіне, су молекулаларының тұрақсыздығына әкеліп, қатты жарылыс тудырады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!