ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Әр кеш сайын ұйықтар алдында ара балын тұтынудың 8 керемет пайдасы

Біздің көпшілігіміз балды тымауға қарсы және теріні ылғалдандыруға қолданылатынын білеміз. Атап айтқанда, бұны тағаммен бірге қолдану денсаулыққа тиімді және пайдалы. Сондықтан дәрігерлер мен мамандар балды «супер тамақ» деп атайды. Бірақ сіз балдың пайдасы мұнымен шектелмейтінін білесіз бе? Оның адам ағзасына басқадай таңғажайып әсерлері бар. Мысалы:

1. Түнде жақсы ұйықтауға көмектеседі
Балдың құрамында турорпап деп аталатын қоректік зат бар. Ол тыныштандыруға және демалуға көмектеседі. Сондай-ақ, адам ағзасына қажетті қышқылдар бар. Бірақ оны сыртқа шығармайды және оларды міндетті түрде тамақтану арқылы ғана ала аласыз. Олар балдың құрамында мол мөлшерде бар.

Кейде біз түн ортасында оянып кетеміз. Себебі ұйқы кезінде ми гликоген деген затты қажет еткендіктен. Балдың құрамында гликоген бар, сондықтан оны толықтыруға және тыныш ұйықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, бал бүйректегі адреналинді бөлетін бездердің дамуына ықпал етеді, бұл да сіздің жақсы ұйықтауыңызға көмектеседі.

2. Қан қысымын төмендетеді
Қан қысымы жоғарылау жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады. Сондықтан жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін қан қысымын тұрақты және қалыпты ұстау маңызды. Балдың құрамында қан қысымын төмендететін антиоксиданттар бар, сондықтан ұйықтар алдында 1 шай қасық бал ішу қан қысымының жоғарылауының алдын алуға көмектеседі.

3. Триглицеридтерді төмендетеді
Триглицеридтер қандағы майлар болып табылады. Триглицеридтің жоғары деңгейі жүрек ауруы мен қант диабеті қаупін арттырады. Ал ара балы қандағы майдың мөлшерін азайтуға көмектеседі.

4. Иммундық жүйені қолдайды
Бал антиоксиданттарға және бактерияға қарсы заттарға бай, олар иммундық жүйені жақсартады. Және де бактериялар, вирустар сияқты микробтық инфекциялардан қорғайды. Сонымен қатар, балды күн сайын тұтыну денедегі жаралар мен тыртықтарды емдейді.

5. Аз уақыт ішінде салмақ тастауға көмектеседі
Бал сіздің денеңізде көп мөлшерде жылу шығару арқылы метаболизмді ынталандырады. Дене температурасының бұл жоғарылауы жаттығуларды қажет етпей-ақ майларды жояды.

6. Тымауды емдейді
Балдың қабынуға қарсы қасиеттері бар. Сондықтан әр кеш сайын бір шай қасық балды жылы сумен араластырып қолдану тамақтың ауырсынуын жеңілдетеді және жөтелдің алдын алады. Балдың барлық түрлі бактерияға қарсы қасиеті де бар.

7. Қартаюға қарсы әсер етеді
Қартаюдың алдын алудың ең жақсы әдісі – ара балын қолдану. Жоғарыда айтылғандай, ол антиоксиданттарға қарсы заттарға бай. Сондықтан бал теріні ылғалдандырып, қартаюдың алдын алады.

8. Депрессияның алдын алады
Бал құрамында полифенол деген зат болғандықтан, ол ми жасушасындағы стресстермен күресіп, депрессияның алдын алады. Сондықтан сіз өзіңіздің психикалық денсаулығыңызға қамқорлық жасағыңыз келсе, әр кеш сайын бал тұтынуды әдетке айналдырыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!