ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ғалымдар күн сайын ұйықтар алдында алтын сүт ішуді ұсынады

Алтын сүт дегенде ойыңызға не келді? Алтын сүт деп аталуының себебі оның керемет әсеріне байланысты. Сізге тыныш ұйықтауға және түрлі аурулардың алдын алуға және емдеуге көмектесетін сиқырлы рецепт.

Құрамы:

  1. Куркума – 1 шай қасық
  2. Зімбір – 1 кесіндісі
  3. Ара балы – 1 шай қасық
  4. Сүт – 2 кесе
  5. Қара бұрыш – 1/4 шай қасық

Дайындау әдісі:

Балдан басқа барлық ингредиенттерді біріктіріп, ыдысқа салыңыз. Оны отқа қыздырып, аздап қайнатыңыз. Отты ең төменгі деңгейге дейін азайтып, 5 минут қайнатыңыз. Содан кейін ара балын қосып, араластырыңыз. Кейін дайын болған алтын сүтті сәл салқындатып, жылы күйде ішіңіз.

Бұл сүтті ұйықтар алдында бір сағат бұрын ішіңіз. Бұл сізге тыныш ұйықтауға ғана емес, сонымен қатар ұйқы кезіндегі ішкі ағзаларыңыздың жұмысына, асқазан жараларын емдеуге және таңертең ерте тұруға көмектеседі.

Куркуманың артықшылықтары:

  • Қабынудан болып пайда болған буындардағы ауырсынуды басады
  • Бауырды уытсыздандырады
  • Қан айналымын жақсартады
  • Ас қорыту жүйесін жақсартады және асқазан жараларын емдейді
  • Қызба төмендетеді
  • Ауырсынуды басады
  • Кейбір жағдайларда қатерлі ісік ауруы емделеді және
  • уытсыздандырылады
  • Артрит белгілерін жояды
  • Мидың және жүректің жұмысын қолдайды

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!