ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Сіз сарымсақтың соншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Ол тек дәмдеуіш ғана емес!

Сіз кез-келген үйдің ас үйінде болатын сарымсақты қалай қолдануға болатынын ойланып көрдіңіз бе? Көптеген адамдар сарымсақты хош иістендіру үшін және тымауға қарасы пайдаланады. Бірақ бұл көкөніс сіз ойлағаннан да тиімді. Сарымсақты басқа не үшін қолдануға болатындығын бірге білейік.

Сынған әйнектерді жөндейді.
Сіз сарымсақ шырынын желім ретінде қолдануға болатынын білесіз бе? Сарымсақ шырыны арқылы сынған, жарылған әйнектерді және заттарды жөндей аласыз. Бұл сізге елестетілмейтін керемет нәтиже көрсетеді.

Тіс ауруын басады.
Кез-келген дәріні қабылдағанымен тіс ауруы оңай басылмайды. Осы кезде сіз сарымсақты екіге бөліп, ауырған тістеріңізге басыңыз. Ауру дереу басады. Сарымсақ тек ауруды басады және оны емдемейді. Сондықтан міндетті түрде тіс дәрігеріне баруыңыз керек.

Бетті тазартып безеулерді кетіреді.
Егер сіз химиялық косметика мен тазартқыш заттарды қолданғыңыз келмесе, сарымсақ ұсынамыз. Сарымсақ қабынуға қарсы қасиетке ие. Бұл безеулер мен терінің зақымдануын болдырмайды.

Бетіңізді сарымсақпен тазартудың және безеулердің алдын алудың екі әдісі бар. Алдымен сіз сарымсақпен бетіңізді сүртіп, 15 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз. Екінші әдіс – жай ғана сарымсақ жеу.

Отит /Құлақ қабыну/ ауруын емдейді.
Отит көбінесе күшті дәрілермен емделеді. Бірақ күшті дәрі-дәрмектің орнына сарымсақты қолдануға болады. Бұл емдеу әсіресе күшті дәрі-дәрмектерді қолдануға болмайтын жас балаларға арналады. Сарымсақ шырынын сығып, бірнеше тамшысын құлағыңызға тамызыңыз.

Саусақтардан тікенектерді алады.
Саусақтардағы тікендер ауырып, жараларды тудырады. Оны алу қолдарыңызды жарақаттап үшкір заттарды қолданудың қажеті жоқ. Жай ғана жіңішке туралған сарымсақты тікен кірген жерге қойып, қалдырыңыз. Көп ұзамай тікен өздігінен алынады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!