ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Балды суық суға қосып ішу керек екенін білесіз бе? Ыстық суға қосып ішсеңіз…

Барлығы балды суға қосып ішу пайдалы екенін біледі. Алайда балды ыстық судан гөрі суық суға қосып ішкен дұрыс.

Көптеген адамдар балда тәтті дәмі болғандықтан қант көп деп қателеседі. Қант адамның бауырында ыдырайды, ал шамадан тыс тұтынған кезде бауыр жұмысына кері әсер етеді.

Ал, бал қантпен салыстыруға келмейді және құрамында қантқа қарағанда табиғи дәрумендер мен минералдар көп. Балды дұрыс қолдану арқылы семіздіктің алдын алуға болады.

Балды қайнаған ыстық суға қосып араластыруға болмайды. Себебі қайнаған ыстық су ең маңызды емдік зат болып табылатын балдың молекулалық құрылымын бұзады және адам ағзасына баяу сіңетін жағымсыз затты пайда болдырады.

Егер сіз балды жылы суға салып ішсеңіз, асқазанның қышқылдығы артады. Ал, оны суық суға қосып ішсеңіз қышқылдық төмендейді.

Асқазан жарасы мен қабынуын емдеу үшін күніне 3-4 рет, тамақтан кейін 25-30 граммнан тұтыныңыз. Бірақ одан кейін су ішуге болмайды. Бал метаболизмі бұзылған адамдарға пайдалы. Адам қанында микроэлементтердің 24 түрі бар, ал оның 22-сі балдың құрамында болады.

Балдың құрамындағы фруктоза мен глюкоза, май мен белок алмасуына жақсы әсер етеді. Бал жүрек ауруы бар адамдарға да пайдалы. Аш қарынға балды қолдану қан қысымын төмендетеді. Балдың құрамында жүректегі метаболизмді қамтамасыз ететін заттар бар.

Бал жүйке жүйесін нығайтады. Ол С, РР, К, Н дәрумендеріне, А провитаминіне, каротин мен В дәрумендеріне бай. Сондықтан бал орталық жүйке жүйесінің рөлін арттырады.

Бал бауыр ауруына таптырмас ем. Глюкоза тін жасушаларына қоректік зат ретінде әсер етеді. Бауырдағы гликоген тіндердің метаболизмін жақсартады. Бал тымауға жиі қолданылады. Бұл организмнің төзімділігін жақсартады.

Сондықтан сіз балды үнемі тұтынуыңыз керек. Бірақ міндетті түрде оны қайнатылған салқын суға қосып араластырыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!