ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Лимон, бұрыш және тұздың көмегімен сіз 8 түрлі аурудан арыла аласыз!

Біз тағамды тұз, бұрыш және лимон шырынын қосып дәмдейміз. Бірақ оларды тек тамақ дәмдеу үшін ғана емес, көптеген аурулардан арыл үшін де қолдануға болады.

Тұмауды емдейді – Жарты стакан қайнаған суға лимон шырынын салып, 10 минут қалдырыңыз. Содан кейін жылы көрпеге оранып, дайын болған қоспаны ішіңіз. Бұл сізді терлетіп, тұмауыңызды емдейді.

Жүрек айнуды тоқтатады – Жүрек айнудың алдын алу үшін бір стакан қайнаған суға бір шай қасық лимон шырыны мен бір шай қасық қара бұрыш қосып араластырыңыз. Оны ішу сергітуге және құсуды жоғалтуға көмектеседі.

Бронх демікпесін емдейді – 2 түйір сарымсақ, 10 дана бұрыш және 15 дана насыбайгүл жапырағын қайнаған суға салыңыз. 15 минут бойы төмен температурада қайнатыңыз. Препаратты сүзіп, тек сұйығын шыны ыдысқа құйыңыз. Балмен дәмдеп оны күн сайын ішіңіз.

Тамақтың ауырсынуын жеңілдетеді – Қайнаған суға бір шай қасық лимон шырынын, бір шай қасық қара бұрыш және бір шай қасық тұз салыңыз. Тамақ ауруын жеңілдету үшін тамағыңызды осы сусынмен шайыңыз.

Тіс ауруын басады – Жарты шай қасық қара бұрышқа сарымсақ майын қосып араластырыңыз. Оны ауырған тіске жағыңыз, бірнеше минуттан кейін ауырсыну басылады.

Салтақ тастауға көмектеседі – Қайнаған ыстық суға 2 шай қасық лимон шырыны, төрттен бір шай қасық қара бұрыш және бір шай қасық бал қосыңыз. Оны ішу қан айналымы мен ас қорыту жүйесін жақсартады және аз уақытта салмақ тастауға көмектеседі.

Мұрын бітелуді емдейді – Аллергия мен суыққа байланысты мұрын бітелуіне бұл әдісті қолданыңыз. Бұрыш, даршын және анис сияқты хош иісті өнімдерді араластырыңыз және оны иіскеңіз. Бұл қысқа уақыт ішінде мұрынды ашады.

Мұрыннан қан кетуді тоқтатады – Мақтаны лимон шырынына батырып, мұрныңызға қойыңыз. Мұрыннан қан кету осылайша бірден оңай тоқтайды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!