ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бүйректің денсаулығын сақтаудың 5 қарапайым тәсілі

Бүйрек организмнің қалыпты жұмысында маңызды рөл атқарады. Бүйрек проблемалары ағзада толығымен жойылмаған токсиндердің жиналуынан туындауы мүмкін. Сонымен, бүйректің денсаулығын сақтау туралы бірнеше кеңестер ұсынамыз.

Су ішу

Сау дененің маңызды ережесі – жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу. Сау бүйрек үшін су өте маңызды. Алайда, егер сізде бүйрек ауруы болса, дәрігер ұсынған сұйықтық мөлшерін сақтауыңыз керек. Шамандан тыс қолдануға болмайды.

Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақ сіздің денеңіздің барлық бөліктері үшін, соның ішінде бүйрек үшін өте маңызды. Тым тұзды немесе майлы тағамдардан аулақ болыңыз. Тамағыңызға көптеген жемістер мен көкөністерді қосыңыз.

Сау емес орган ағзалардан токсиндерді шығару қабілеті нашар болады. Бүйрек ауруы бар адамдар ақуызы аз тағамдарды пайдаланған жөн. Мысалы тауық, балық, ет, жұмыртқа, ірімшік, сүт, бұршақ және жаңғақтарды шектеңіз. Бүйрек ауруы кезінде қандағы фосфор мөлшерін азайту қажет. Дәнді дақылдар, май, сүт өнімдері және жасымық сиақтылар фосфорға бай тағамдар болып табылады. Жаңа піскен жемістер, көкөністер, және күріш сияқты аз фосфорлы тағамдарды тұтыныңыз.

Алкогольді шектеу

Ешқашан алкогольді ішпеңіз. Кейде біреу немесе өте аз мөлшерде қолдануға болады деп ойламаңыз. Одан бір жола бас тартқан жөн.

Натрий тұтынуды шектеу

Егер сіз бүйрек ауруларының алғашқы сатысында болсаңыз, бүйрек жұмысын жақсарту үшін натрий мөлшерін шектеу өте маңызды. Проблемалы бүйрек организмнен артық натрий мен сұйықтықты шығара алмайды. Бұл қан қысымының жоғарылауына әкеледі. Кейін бүйректің жұмысын нашарлатады. Азық-түлік сатып алғанда затбелгісін қараңыз. Егер майдың мөлшері 20 немесе одан көп болса, бұл натрий мөлшері жоғары тағам болады. Натрийі аз және тұздалмаған тағамдарды таңдаңыз.

Үнемі жаттығу жасау

Салмақты қалыпты ұстау маңызды. Сондықтан үнемі жаттығу жасау сіздің денсаулығыңыз үшін өте пайдалы. Жаттығу сіздің қан қысымыңыз бен салмағыңызды қалыпты ұстауға көмектеседі. Ал бұл бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Созылмалы бүйрек аурулары бар адамдар жаттығулар жасамас бұрын дәрігерден кеңес алу керек.

Денсаулығыңызға мән беріңіз және стресстен арылыңыз. Бүйрек жеткіліксіздігінің генетикасы – қауіпті факторлардың бірі. Сондықтан сіз отбасыңыздың медициналық тарихын білуіңіз керек. Сонымен қатар, үнемі дәрігерге көрініп тұрыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!