ЖАҢАЛЫҚТАРПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл тағамдарды жұмыртқамен араластып жеуге болмайды!

Біз күн сайын ащы, майлы тағамдарды көп жеп, асқазанды зақымдаймыз. Кейде араластып жеуге болмайтын тағамдарды білмей жеп қойып, кейін тамақпен улану немесе артық салмаққа ие боламыз. Сондықтан сіздерге күн сайын тұтынатын жұмыртқамен бірге қандай тағамдарды жеуге болмайтынын ұсынамыз.

1. Балық

Сіз ешқашан балық пен жұмыртқаны араластырып жемеңіз. Себебі тауық жұмыртқасында біздің ағзамызға пайдалы В7 дәрумені көп. Ал балық майы, затты бейтараптандырады, осылайша бір-бірінің пайдасын жояды.

2. Күріш

Біз әдетте күрішпен жұмыртқаны қосып жейміз. Бірақ бұл дұрыс таңдау емес. Себебі жұмыртқа мен күріштің қосындысы асқазанды толтырып, асқазанды бұзуы мүмкін.

3. Картоп

Картоп пен жұмыртқа әртүрлі салаттар мен тағамдарда кеңінен қолданылады. Картоптың құрамында темір, ал жұмыртқаның құрамында кальций көп. Бұл да бір-бірінің пайдалы қасиеттерін жояды. Сонымен қатар ас қорытуды баяулатып, улануға әкеледі.

4. Сүт

Кейбір ақуыз мөлшері жоғары өнімдер бір-біріне үйлеспейді. Бұл өнімдерге сүт пен жұмыртқа кіреді. Сондықтан бұл тағамдарды ағзаға жақсы әсер етуі үшін бөлек тұтынған жөн.

5. Ірімшік

Ешқандай жағдайда сіз сүт және ет өнімдерін араластырып тұтынуға болмайды. Жұмыртқа да ет түрі, сондықтан олар сүт пен ірімшікке үйлеспейді. Нәтижесінде сіздің ішіңіз күні бойы мазасызданады.

6. Кейбір жемістер

Алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, қарбыз сияқты жемістерді жұмыртқамен араластыруға болмайды. Өйткені бұл асқазанның қалыпты жұмысын бұзып, ас қорытуға кері әсерін тигізеді. Егер сіз осы жемістерді жесеңіз, кем дегенде 15 минуттан кейін жұмыртқа жеуіңізге болады.

7. Май, кілегей, майонез

Жұмыртқа ақуызға және дәрумендерге бай, сондықтан бұл өте жоғары калориялы өнім. Бірақ сіз оны көп жесеңіз, салмақ қосасыз. Ал майларға, кремдер мен майонезге араластырылған жұмыртқаларды жесеңіз, салмақ күрт қосыла бастайды.

Оның орнына жұмыртқаны брокколи мен басқа да жасыл түсті көкөністермен араластырып жеуіңізге болады. Бұл сізді семіртпейді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!