ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Лимонды түнде қайнатып, таңертең ішіңіз!

Әркім дені сау болып, ұзақ өмір сүргісі келеді. Бірақ сіз оны жүзеге асыру үшін не істейсіз? Өкінішке орай, адамдардың көбі ойлағаннан басқа ештеңе жасамайды. Тек ауырған кезде ғана ауруханаға барып емделеді. Ендеше неге бұдан былай өз денсаулығыңызға қарапайым түрде қарамасқа?

Жалғыз лимонды ғана қолданып, кейін денсаулығыңызға еш алаңдамауыңыз мүмкін. Ендеше лимонды қалай пайдалану керек екендігін бірге білейік.

Құрамы:

  1. Лимон – 6 дана
  2. Су -500 мл

Лимондарды ортасынан екіге бөліп, суға салып қайнатыңыз. 3 минуттай қайнағаннан кейін 10-15 минутқа қалдырыңыз. Одан кейін лимонды сүзіп алыңыз.

Содан кейін дайын болған шырынды кесеге құйып ішіңіз. Қалған шырынды шыны ыдыста сақтап, кейінірек қолданыңыз. Егер оның дәмі нашарлау болса, оған аздап бал қосыңыз.

Лимон шырынының пайдалары:

  • Иммундық жүйені жақсартады
  • Тұмауды емдейді
  • Қуатты арттырады
  • Ас қорыту жүйесін қолдайды
  • Ішектерді тазалайды
  • Теріні тегіс етеді
  • Салмақ тастауға көмектеседі

Сіз оны міндетті түрде күн сайын таңертең ішудің қажеті жоқ. Күндізгі уақыттарда ішсеңіз де болады. Сондай-ақ, шырынды салқындатып, мұзбен ішуге де болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!