ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Егер бір ай бойы зімбір жесек, біздің денемізде осындай өзгерістер пайда болады!

Зімбір тағамға дәм беріп қана қоймай, біздің денсаулығымызға қалай әсер ететінін білесіз бе? Зімбірді тұтынушылардың саны соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Зімбірді үнемі тұтыну сіздің денсаулығыңыз бен сұлулығыңызға керемет әсер етеді. Бір ай бойы зімбірді жеу біздің денемізді қалай өзгертетінін бірге білейік.

1. Ауырсынуды басады

Сіз зімбірдің ауруды жеңілдетуге көмектесетінін білесіз бе? Оны жеп, тұтыну арқылы сіз түрлі аурулардан арылып қана қоймай, етеккір ауруының ауырсынуын азайта аласыз.

2. Қандағы холестерин деңгейін төмендетеді

85 адамға жүргізілген зерттеу нәтижесінде күн сайын зімбір қолданатын адамдарда қандағы холестерин деңгейі төмендеп, тұрақтылыққа ие болыты. Сонымен қатар, дәрігерлер бұл өнімнің жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектесетінін анықтаған.

3. Асқазан-ішек жолдарының ауруын емдейді

Егер үнемі ішіңіз ауырып, ас қорыту жүйеңіз бұзылатын болса, зімбірді бір ай бойы қолданып көріңіз. Ол асқазан-ішек жолын емдейді, ас қорыту жүйесін қолдайды және іш қатуды жеңілдетуге, емдеуге оң әсер етеді. Ұнтақталған зімбірді дәмдеуіш ретінде қолдануды әдетке айналдырыңыз.

4. Қабынуды емдейді

Зімбірді бір ай бойы жеу кез келген қабынуды, ауруды немесе жараны емдейді. Және де сізге қуат береді. Бұл дәрі-дәрмектерге қарағанда тиімдірек, денені сау ұстап, иммунитетті жақсартады.

5. Мидың тінін қалпына келтіреді

Егде жастағы адамдардадың ми аурулары мен ұмытшақтықтан бұл өнім сізді қорғайды. Зерттеулер зімбірде энцефалитке қатты әсер ететін биологиялық белсенді қоспалар мен антиоксиданттар бар екенін дәлелдеген.

Сарапшылар тобы 60 жастағы әйелдерді зерттеп, зімбір тек есте сақтау қабілетін жақсартпайды, сонымен қатар тіндерді қалпына келтіреді және мидың жұмысын қолдайды деген қортындыға келген.

6. Жүрек айнуды тоқтатады

Зімбір шайы мен шикі зімбірді қолдану жүктіліктен улану, жүрек айну және қатерлі ісік ауруларын емдеуге тиімді. Бұл зерттеулермен расталды. Сондықтан жүкті әйелдер зімбірді тұтынып, өз денсаулығына мұқият бола алады.

7. Жүрек ауруының алдын алады

Қандағы қант деңгейі жүрек-қан тамырлары ауруларына үлкен ықпал етеді. Ғалымдар күніне 2 грамм зімбір ұнтағын тұтыну инфаркт қаупін кем дегенде 10 пайызбен төмендететінін анықтаған. Егер сіз өзіңізді жақсы көретін болсаңыз, аурудың алдын алу үшін зімбірді күн сайын қолданыңыз.

8. Қатерлі ісікке қарсы жақсы әсер етеді

Зімбірдің құрамында «гингерол» деп аталатын ракқа қарсы қасиеті бар зат бар екенін көптеген зерттеулер көрсеткен. Күніне 2 грамм зімбірді қолдану тоқ ішектің қабынуын болдырмайды және денені сау етеді. Сіз оны бір ай бойы пайдаланып, нәтижесін сезіне аласыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!