ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ұйқы безі туралы сіздің білуіңіз керек БЕС нәрсе

Адамдардың іші ауырған кезде, асқазан мен ішекпен байланысты деп ойлайды. Бірақ кейде бұл ұйқы безімен байланысты болады. Ұйқы безі ас қорыту жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл қандағы қант деңгейін реттеуге жауап береді. Сондықтан бұл мүшені сау ұстау өте маңызды. Ұйқы безі туралы сіздің білуге тиісті бірнеше ақпараттарды ұсынамыз.

1. Ұйқы безі – асқазанның қанаты

Сіз тамақ іше бастаған кезде ұйқы безі ас қорытуға көмектесетін липаза мен амилаза деп аталатын маңызды ферменттер мен гормондарды бөледі. Басқаша айтқанда, олар асқазанға тамақ түскен кезде ақуыз бен майды бөледі.

2. Қандағы қант деңгейін бақылайды

Асқазан сөлі /белгілі бір жасушалар/ және ұйқы безіндегі «бета» жасушалар бірігіп, инсулин гормонын пайда болдырады. Ол біз ішетін тамақтың ішінен қантты қан арқылы өзіне сүзіп тұрады. Ал бірінші дәрежелі қант диабеті кезінде жоғарыда аталған «бета» жасушалар иммундық жүйені нашарлатып, жеткілікті инсулин гормонын бөле алмайды. Бұл жағдайда мамандар құрамында қосымша инсулин бар өнімдерді қолдануды ұсынады.

3. Өттің қызметіне байланысты

«National Institude of Diabetes and Digestive and Kidney Diseases» Америка Құрама Штаттарында жыл сайын кем дегенде 200,000 адамға панкреатит /ұйқы без ауруы/ диагнозы қойылады деген. Бұған ықпал ететін негізгі фактор – өт қызметінің нашарлауы. Симптомдары іштің қатты ауырсынуы және жүрек айнуы арқылы білінеді. Егер сізде осындай белгілер болса, міндетті түрде дәрігерге барыңыз.

4. Ішетін нәрселеріңізге назар аударыңыз

Алкоголь жиі қолдану панкреатитке әкелуі мүмкін. Егер сіздің ұйқы безіңізге алкогольдан болып ауырса, сізде келесі белгілер болуы мүмкін. Олар:

  1. Іш қату
  2. Үлкен дәрет қоюланып, одан жағымсыз иіс шығады
  3. Ас қорыту жүйесінің нашарлауы

Бұл жағдайда маманмен кеңесіп, дереу қажетті емдеулерді қабылдаңыз.

5. Ұйқы безінің қатерлі ісігі өлімге әкелуі мүмкін

Жылына шамамен 26,000 әйелге панкреатит диагнозы қойылады, олардың ішіндегі ең қауіптісі – алғашқы кезде елеулі белгілердің болмауы. Дәрігерлер бұл жағдайға темекі шегу, семіздік және генетикалық факторлар әсер ететінін анықтаған.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!