ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Жапон әйелдерінің терісінің құпиясы осы! Менің 60 жастағы анам да 30 жастағыдай көрінеді

Жапондар ұзақ өмір сүруімен әлемге әйгілі халық. Сондай-ақ, олардың әйелдері өзінің жасынан 20 жаспен жас көрінеді деген қауесет бар. Сонымен, олардың жас көрінуінің сыры неде? Біз бұл сұраққа жауап беруге және жапон әйелдерінің өз жасынан жас көрінетінінің құпиясын ашуға дайын болдық. Сіз де мұны өз өміріңізде қолданып, теріңізге күтім жасап, жас көріне аласыз.

Жапон әйелдерінің әдемі терісінің құпияларының бірі – терінің өзгеруін күнделікті бақылау. Мысалы, теріңізді саусақтарыңызбен ұстағанда саусақтарыңыздың ұштары теріңізге сәл жабысып қалса, бұл сіздің теріңіз жеткілікті ылғалды екенін білдіреді. Сондай-ақ терінің нығыздығын білу үшін аздап шымшып көріп, кейін оның қалыпты жағдайға келуіне қанша уақыт кететіндігімен анықтауға болады. Сонымен қатар, сіз айнаға қарап тұрып, басыңызды сәл алға қарай еңкейтсеңіз, 10 жылдан кейін теріңізде қандай өзгерістер пайда болатынын көре аласыз.

Олардың сұлулық құпиясының негізгі ингредиенті – күріш. В дәруменіне бай күріш терінің қартаю процесін баяулатады және қан айналымын жақсартады. Сіз ыдысқа салқын су құйып, оны қыздырыңыз. Оған 2-3 қасық күріш қосыңыз. Суды күріш жұмсарғанша қайнатыңыз. Кейін оны сүзгіден өткізіңіз. Содан бетіңізді күріш суымен жуыңыз.

Бетіңізді жуғаннан кейін маска жағыңыз. Масканы дайындау үшін 1 қасық сүтке 1 қасық бал қосып араластырыңыз. Оны тазартылған бетке жағып, 30 минут қалдырыңыз. Содан кейін масканы алып тастаңыз. Соңында, қалған күріш шырынымен бетіңізді қайтадан жуып, ұйықтаңыз. Таңертең теріңіз жарқын, тегіс және жақсы ылғалданған болады. Осы әдісті аптасына 1-2 рет қолдану әжімдерді азайтады және теріні қатайтады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!