ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыздар жігіттерге қарағанда телефон ойындарын көп ойнайды

Сондай-ақ қыздар ерлерге қарағанда мобильді ойындарға әлдеқайда көп ақша жұмсайтындығы анықталған.

«Mediakix» деп аталатын маркетинг агенттігі мобильді ойындар нарығына қызықты зерттеулер жүргізген екен. Зерттеу барысында қыздар ер адамдарға қарағанда мобильді ойындарды көбірек ойнайтындығы анықталған.

Нақтырақ айтсақ, мобильді ойыншылардың жалпы санының 63%-ы қыздар, ал қалған 37%-ы ер адамдар болып шығыпты. Барлық қыз ойыншылардың жартысынан көбі және 60%-ы күн сайын мобильді ойындарды ойнайды. Ал, ерлер зерттеуге сәйкес күніне 47%-ы ғана мобильді ойынды тұрақты күн сайын ойнайды.

Сондай-ақ «Mediakix» маркетинг агенттігінің хабарлауынша, қыздар ер адамдарға қарағанда мобильді ойындарға көп ақша төлеуге дайын болатындығын мәліметтеген. Сондықтан мобильді ойын жасаушылар үшін қыз ойыншылар ерлерге қарағанда әлдеқайда құрметті, артық болады. Және олар өздеріне тиімдірек клиенттерге көбірек көңіл бөледі. Сондықтан да қыздарға арнап көп ойындар шығарады екен.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!