ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Шай пакеттері көзге пайдалы екенін білсеңіз де, оларды қалай қолдану керек екендігін білмейсіз бе? Онда мұны оқыңыз

Қалта шай пакеті сіздің көзіңіздегі қара шеңберлер мен ісінуді кетіріп, сізді әдемі көрсетеді. Сонымен неге сынап көрмеске? Көптеген адамдарға стресстен, ұйқысыздықтан немесе генетикадан болып көзінің астына ісіну мен қара шеңберлер пайда болады. Бірақ төменде сипатталған әдіс сіздің көзіңізді емдеп және сұлулығыңызды қайтарады! Керемет нәтижеге қол жеткізетін боласыз.

Көз астындағы қара шеңберлерді немесе ісінуді басу үшін алдымен шай пакетін әдеттегідей қолданып көзіңіздің үстіне қойыңыз, содан кейін бірнеше минут тоңазытқышқа салқындатып оны көзіңіздің үстіне қайта қойыңыз. Оны 15 минут қою жеткілікті.

Алтын түймедақ гүлінің шай пакеті ең тиімді шай пакеті.

Түймедақ гүлі көз ауруларын жоюға жақсы әсер етеді, бірақ өсімдікке сезімтал немесе аллергиясы бар кейбір адамдар оны сақтықпен қолдану керек екендігін ескертеміз. Егер сіз түймедақ гүлге аллергияңыз жоқ екеніне сенімді болсаңыз, оны еркін қолдана аласыз.

Шай пакетін қолданғанда, көзіңізді жақсылап жұму және шай пакетін жақсылап сығу керектігін ұмытпаңыз. Егер сіздің көзіңізге шай кіріп кететін болса, инфекцияны пайда болдыруы мүмкін. Сондықтан абай болыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!