ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Менің әпкем үнемі осы масканы дайындап, қолданады

Бұл ақпаратта біз сіздерге шаш фолликулаларын нығайтуға және шаштың түсуінен құтылуға көмектесетін үй маскасының рецептін ұсынамыз. Шаштың түсуі – әйелдер үшін ең үлкен проблемалардың бірі. Мұндай проблемадан он әйелдің жетеуі зардап шегеді. Сондықтан сіз бұл әдісті сынап көріп, шаш түсу проблемасынан арыла аласыз. Менің әпкем мұны қолданғаннан кейін бұл проблема жайлы алаңдамайтын болды! Ең бастысы – тұрақты болу.

Сізге қажет ингредиенттер:

  • В6 және В12 дәрумендері – 1 ампул
  • Кастор майы – 2 ас қасық
  • Күнбағыс майы – 2 ас қасық
  • Ара балы (сәл жылы болу керек) – 2 ас қасық
  • Шаш майы (өзіңізге қолайлысы) – 2 ас қасық

Барлық ингредиенттерді қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған масканы бас терісіне және шашқа жағыңыз. Шашыңызға душ тымағын киіңіз немесе оны сүлгімен ораңыз. 1 сағат қалдырып, содан кейін жуыңыз. Аптасына 1-2 рет қолданыңыз. Егер сіз оны үнемі қолдансаңыз, қалың әрі әдемі шашты болу қиын болмайды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!