БІЛІМ

Есте сақтау қабілетті жақсартудың 12 жолы

Біз миымыздың 10 пайызынан азын қолданамыз. Бірақ ең маңыздысы – ақпараттарды есте сақтай білу. Ғалымдар есте сақтау қабілетке оң әсер ететін факторларды іздестіруде. Барлық адамдарда компьютер сияқты деректерді сақтау өзіндік шегі болады. Кейбір адамдардың есте сақтау қабілеті өте жақсы болады, ал кейбір адамдар бәрін бірден ұмытады. Сондықтан да олар маңызды емес ұсақ-түйек нәрселерді де жазып белгілеп жүреді. Барлығымыз мүмкіндігімізше ақпаратты есте сақтағымыз келеді. Маңызды оқиғалар, білім, адамдардың аты-жөндері мен сыртқы келбеттері, және телефон нөмірлері…

Ендеше, есте сақтау қабілетті жақсартудың 12 жолын ұсынамыз…

  1. Американдық психологтар ерлер мен әйелдерді есте сақтау қабілетін ұзақ уақыт зерттеп, ер адамдар абстрактылы (жасанды) ақпаратты жақсы есте сақтайды деген қорытынды қойған. Олар орманда жолды оңай таба алады. Ал, әйелдер болса белгілі бір оқиғаларды белгілеу, заттардың орнын есте сақтау, көргендерін еске түсіруге бейім. Осы мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар ерлер мен әйелдерге «орын ауысып», есте сақтау жаттығуларын жасауды ұсынады. Мұндай жаттығу миды белсенді жұмыстатып әртүрлі ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтауға пайдасын тигізеді.
  2. Есте сақтау қабілетті жақсартатын ең жақсы жаттығу – телефон нөмір жаттау дегенге ғалымдар сенімді. Электрондық жазбалардың пайда болуы біздің есте сақтау қабілетімізге кері әсер етуде. Сондықтан таныстарыңыздың телефон нөмірлерін жаттап, телефонның электронды жазбаны мүмкіндігіңізше қолданбаңыз. 7 цифрдан артық әр түрлі сандарды жаттау есте сақтау қабілетке тиімді әсер етеді.
  3. Таң кеш тұрып, түнде кешігіп ұйықтайтын адамдар және таң ерте тұратын адамдардың айырмашылықтары да есте сақтау қабілетке әсер етеді. Егер сіз таң кешігіп тұратын болсаңыз кешкі сағат 8-ден 12 аралығында, ерте тұратын болсаңыз таңертеңгі сағат 8-ден 12 аралығында жаттығуларды жасаңыз. Себебі, сол уақыттарда жақсы есте сақтай аласыз.
  4. Раушан гүлінің хош иісі ақпараттарды (суреттерді, бейнелерді және сөздерді) есте сақтауға, еске түсіруге жақсы әсер етеді. Алайда, бұл адамның іс-әрекетін еске түсіруге айтарлықтай әсер етпейді. Сонымен, раушан гүлі бізге басқа тіл үйренуге көмектесе алады.
  5. Есте сақтау қабілетін белсендірудің ғажап тәсілін Британдық ғалымдар ұсынды. Ұмытылған ақпаратты тез еске түсіру үшін оң тізмен отыру керек деген. Осылай отыру – ұзақ уақыттық есте сақтау қабілетін қалпына келтіруге, жоғалған кілттерді табу, телефон нөмірлерін еске түсіруге көмектеседі.
  6. Есте сақтауды дамытудың ең жақсы әдісі – салқын ет және қара шоколад жиі қолдану деп Канадалық ғалымдар анықтаған. Бұл өнімдерді зерттеу нәтижесінде негізделген. Және зерттеу кезінде есте сақтау қабілетіне майсыз өнімдерден жасалған тағамдар кері әсер ететіні анықталған.
  7. Есте сақтау қабілетін жақсартудың тағы бір әдісі – күндізгі ұйықы. Күндізгі ұйқы – мидың шоғырландыру процесін өзгертеді. Бұл миды ғана емес, адамның есте сақтау қабілетіне де оң әсер ететіндігін Израиль ғалымдары дәлелдеген.
  8. Орыс ғалымдары жылдам оқу баяу оқуға қарағанда көзді шаршатпайды деген. Осы бақылаудың негізінде олар баяу оқу жылдам оқуға қарағанда ақпаратты есте сақтау мүмкіндігін 20 пайыз төмендететіндігін анықтаған. Оқу жылдамдығын арттыру жаттығуы есте сақтау қабілетті жақсарта алады.
  9. Американдық нейробиология ғалымы Лоуренс Кац өзінің нейробик деп аталатын жаттығуын таныстырған. Ақпараттарды есте сақтау үшін ыстық ваннаға түскен соң, заттарды белгілі бір тәртіпте орналастыру, жүйелеу, бөлшектеу және құрастыру… Басты шарты
    осылардың бәрін көзді жұмып жасау керек. Осындай жаттығулардың нәтижесінде ми жасушалары белсенді жұмыстап, және нейтрофин бөлінеді. Бұл адамның есте сақтау қабілетіне жақсы әсер етеді.
  10. Есте сақтауды жақсартудың ең көне жолы ХIV ғасырдан бері жалғасып келді. Бұл – шалфей. Ғалымдар ортағасырлық әдісін дәлелдеп шалфей өсімдігін күніне үш рет, тамақтанудан 30 минут бұрын ішуді ұсынады.
    Құпиясы осы өсімдік құрамындағы эфир майында деген.
    Эфир майлары ақпаратты есте сақтауға және ми жұмысын жақсартуға көмектеседі.
  11. Есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған тағы бір жаттығу – ұйықтар алдындағы бір күндік іс-шараларды кештен таңға дейін оқиғаларды кері еске түсіру. Адамдардың киімдері, әңгімелері, іс-әрекеттерін мүмкіндігіңізше еске түсіруге тырысыңыз. Бірақ кез келген жағымсыз жағдайларға назар аудармаңыз.
  12. Ешқашан ешкімге есте сақтау қабілетім нашар деп айтпаңыз. Адам өзіне оңай сенеді. Керісінше, менің есте сақтау қабілетім күннен күнге жақсарып келеді дегенге сенуіңіз керек. Бұл қарапайым жаттығу сізді өз күшіңізге сендіреді, жоғарыдағы жаттығуларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!