ОҚИҒАЛАР

Қалай қарасаң солай көрінеді

Бір зерттеуші ауыр жұмыс жасайтын адамдардың психологиясын зерттеу үшін бір құрылыс компаниясына барды.
Зерттеуші жұмыс жасап жатқан бір адамға барып сол жерде қандай жұмыс жасайтынын сұрағанда, ол адам: «Сен соқырсың ба?» – деп «Үлкен үлкен блокьтарды бөлшектеп, реттеп жатырмын. Мен үшін бұл ыстықта жұмыс жасау өте қиын. Бұл өлімнен де ауыр жұмыс.» дейді.
Зерттеуші қорқып ол адамның қасынан тез кетіп, басқа жұмысшыға барады.
Содан кейін ол адамға алдыңғы адаммен бірдей сұрақ қояды. Сонда ол: «Біз құрылыс блоктарын дайындап жатырмыз. Қиын жұмыс болса да, балаларымызды асырай аламыз. Бұдан да қиын жағдайға тап болған адамдар өте көп». деп жауап береді.
Мұндай жауапты естіген зерттеуші сәл батылдықпен үшінші адамға барып: «Сіз не істеп жатырсыз?» деп сұрайды. Сонд ол адам аспанға нұсқап: «Біз қасиетті ғибадатхана салып жатырмыз.» – деп жауап береді.

Ең қызығы, үш жұмысшы бірдей жұмыс істеген. Адам өзінің істеп жатқан ісіне жақсы көзбен қарап қабылдаса, соншалықты мотивация мен энергия алады екен.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!