ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Кез-келген жаттығуды тиімді қылу үшін не жеу керек?

Біз бұл жолы жаттығудан бұрын, жаттығу кезінде, және жаттығудан кейін не жесе, немесе ішсе жаттығу тиімді болатын жайлы кеңес береміз. Бұл кеңестер жаттығу жасайтын адамдар үшін маңызды.

Тренингден бұрын

Тепе-теңдікті ұстануға тырысыңыз. Көп тамақтанбау немесе аш қарында жаттығу жасауға болмайды. Екеуі де денсаулыққа кері әсерлі. Ақуызға бай тағамдар, жемістер немесе калориялы тағамдар болуы керек.

Жаттығудан 2-3 сағат бұрын жеуге болатын тағамдардың мысалдары:

Алма, ірімшік сэндвичтері, сүт, жемістер, тауық немесе тунец қосылған салат, бидай печеньесі, йогурт, жаңғақ, жеміс коктейлі немесе табиғи шырындар.

Тренинг кезінде

Тренинг кезінде сізге ағзаның қоректік заттарды сақтауна және глюкозаны құруға көмектесетін су қажет болады.

Глюкозаға бай өнімдердің мысалдары:

Табиғи жеміс шырындары, банан, мейіз және басқадай кептірілген жемістер, су.

Тренингден кейін

Дене жаттығуларынан кейін ағзаңыздың қалпына келуіне көмектесетін өнімдердің мысалдары:

Жаңа піскен көкөністерден, майсыз ет, балық, аралас көкөністерден жасалған салат.

Жаттығу үшін сізге қатаң диетаны ұстанудың қажеті жоқ. Тек салауатты өмір салтын ұстанып тамақтансаңыз болғаны.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!