ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Анам әжімдер мен қара безеулерден құтылу үшін осы әдісті қолданды!

Сұлулықты көрсететін факторлардың бірі – таза тері. Сондықтан әркім өзінің терісіне күтім жасап, әртүрлі өнімдерді қолданады. Алайда, егер беттегі безеулер мен әжімдердің пайда болуы азаймаса, біз дайындаған мәліметтерге назар аударыңыз. Біз сіздерге қара безеулер мен әжімдерді бірге кетіретін маска дайындау әдісін ұсынамыз.

1. Безеулерге қарсы маска

Майлы және сезімтал теріге арналған бұл маска безеуді кетіруге және тері тесіктерін кішірейтуге көмектеседі.

Құрамы: Сұлы – 2 ас қасық, Ара балы – 2 ас қасық, Алма сірке суы – 4 ас қасық

Қолдану әдісі: Сұлыны ұнтақтап, бал және алма сірке суымен араластырыңыз. Оны тазартылған теріге жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз. Соңында ылғалдандыратын майды аз мөлшерде қолдануыңызға болады.

2. Әжімдерге қарсы маска

Тері түсін қалпына келтіреді және қатайтады.

Құрамы: Қияр – 1 дана (кішкентай), Зәйтүн майы – 3 ас қасық, Жұмыртқаның сарысы – 1 дана, Алма сірке суы -1/3 ас қасық

Қолдану әдісі: Қиярды үккіштен өткізіп, қалған ингредиенттерді қосыңыз. Дайын масканы бет пен мойынға біркелкі жағыңыз, 15 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін жылы сумен жуыңыз.

3. Майлы теріге арналған «лосьон»

Бұл лосьонды дайындап, оны тоңазытқышта сақтаңыз. Және оның сақтау мерізімі 3 күн. Бұл майдың мөлшерін теңестіреді.

Құрамы: Көк шай – 5 ас қасық, Алма сірке суы – 1 ас қасық

Қолдану әдісі: Көк шай мен алма сірке суын қосып, жақсылап араластырып. Оны күніне бір рет бетіңізге жағыңыз.

4. Секпілдерді кетіретін маска

Бұл теріні жасартады, секпілдер мен тыртықтарды кетіреді.

Құрамы: Су – 0,5 кесе, Алма сірке суы – 1 ас қасық, Лимон – жарты, Бал – 1 ас қасық, Ас содасы – 2 ас қасық

Қолдану әдісі: Алма сірке сірке суы мен лимон шырынын суға қосып араластырыңыз. Кейін оған ас содасы мен бал қосыңыз. Масканы бетіңізге жағып, 10 минуттан кейін жылы сумен, содан кейін суық сумен жуыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!