ОҚИҒАЛАР

Күлімсіреу

Кішкентай қыз мұңлы кетіп бара жатқтан бір адамға қарап күлімсірейді. Қыздың жылы күлкісі ол адамды сергітеді. Сергіген адам жақында өзіне көмектескен досына алғыс айтпағанын есіне алды.

Осылайша оған хат жазып алғысын білдіреді. Хабарламаны алған досы қуанып, түскі ас ішіп отырған мейрамханасындағы даяшыға көбірек ақша қалдырып кетеді. Даяшының бұрын-соңды мұндай көп ақша алмағанына қуанып, күн сайын үйіне бара жатқан жолда шляпасын қойып ақша сұрап отыратын қарттың шляпасына ақша салады. Қарт өте қуанышта болады.

Екі күн бойы ешнәрсе жемеген еді. Ол қарынын тойдырып алып бір пәтер үйдің подвалына келеді. Ол қуанышты және көңіл күйі көтерінкі болғаны соншалық, тоңып жатқан кішкентай күшікті жылыту үшін өзімен бірге ішке алып кіреді.

Күшік жылы панада жүгіріп ойнап жүреді. Кенеттен түн ортасында үй түтінге толып, өрт шығады. Түтіннің иісін сезген күшік қатты үріп қарт адамды оятып жібереді. Қарт адам оянып, басқа барлық адамдарды оятып, құрылысты да, адамдарды да өрттен құтқарып қалады.

ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ ТЕК БІР КҮЛІМСІРЕГЕННІҢ ПАЙДАСЫ.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!