ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Секпілдерді, әжімдерді және терінің барлық проблемаларын шешу үшін мұны дайындап қолданыңыз!

Алоэ вера мен кокос майының таңғажайып пайдалы қасиеттері теріге қалай әсер ететінін бәріміз білеміз. Алайда, көптеген адамдар осы екі заттың қандай ерекше комбинациясы бар екенін білмейді. Бұл керемет қоспаның ең пайдалы қасиеті – терінің қартаюын тоқтатады.

Алоэ вера күйікті емдеу, терінің тітіркенуін кетіру, терінің аллергиясын жеңілдету, ылғалдандыру және секпілдерді кетіруде өте тиімді. Кокос майы теріні керемет ылғалдандырады және нәрлейді, сондай-ақ бактерияға қарсы қасиеттері бар. Мұны дайындау өте оңай. Себебі негізгі компоненттер өте кең таралған.

Құрамы:

100 гр алоэ вера гелі
100 гр органикалық кокос майы
бірнеше тамшы эфир майы /ваниль, раушан, лаванда/

Дайындау әдісі:

Алоэ вера гелі мен кокос майын ыдысқа салыңыз да, 5 минуттай жақсылап араластырыңыз. Қоспаға эфир майының бірнеше тамшысын қосып, қайтадан араластырыңыз. Қоспаны шыны ыдысқа салыңыз да, қақпағын жауып, бөлме температурасында сақтаңыз. Дайын болған майды душтан кейін жағу тиімді, өйткені тері тесігі осы уақытта ашық болады. Бұл оның теріге толық сіңуіне мүмкіндік береді және жақсы әсер етеді. Бұл майды күніне екі рет жағыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!