БІЛІМ

Міне, ешқашан ұмытпаудың 5 оңай әдісі

Сіз қанша уақыт бойы бір нәрсені есіңізде сақтай аласыз? Бұл адамға байланысты әр түрлі болады. Кейбіреулер бір сағаттың ішінде үйренгендерін ұмытып қалады, ал кейбіреулері өмірінің соңына дейін есте сақтайды. Сіз күні бойы заттарды, кілттерді қайда қойғаныңызды білмей, іздеп шаршайсыз ба? Олай болса, біз сіздерге есте сақтау қабілетті жақсартудың үздік қарапайым тәсілдерін ұсынамыз.

1. Елестету

Ол үшін тыныш жерге барып, көзіңізді жұмыңыз. Енді өз үйіңізді елестетіп көріңіз. Сіз қаншалықты үлкен үй және қанша бөлме болатынын елестетуіңіз керек. Содан кейін ішке кіріңіз. Қонақ бөлмесінің, диванның, үстелдің, орындықтардың, теледидардың және жиһаздың түсін және орналасқан жерін елестетіп, әр бөлмені осылай елестетіңіз. Бұл сіздің есте сақтау қабілетіңізді арттырады. Егер сіз ұмытшақ бола бастасаңыз, осы әдісті жиі қолданып көріңіз.

2. Мұқият ойланыңыз

Күн сайын біз кілттерімізді қайда қойдық, отты өшірдік пе, телефондарымыз қайда екен және т.б. проблемалар бізге жиі кездеседі. Біз бұл процесті мыңдаған рет қайталағандықтан, ми оны сақтай алмай қалады. Міне, есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым және тиімді әдісі. Сіз іздеп жүрген нәрсеңізді елестетіп көріңіз. Мұны қандай материалдан жасаған, қандай пішінді және соңғы рет қайда көргеніңізді мұқият ойлаңыз. Ең бастысы, басқа ештеңе ойламай, сабырлы болу керек. Осы әдісті қолданып көріңіз.

3. Сезіміңізбен біріктіріңіз

Біз естеліктер мен керемет оқиғалар болған күндерді ешқашан ұмытпаймыз. Сіз тіпті бәрін есте сақтай аласыз. Бұл біздің миымызда емес, жүрегімізде қалғанының белгісі. Гарвард пен Массачусетс технологиялық институтының зерттеушілері фотосуретке байланысты зерттеу жүргізген. Адамдар суреттегі барлық нәрсені өте жақсы есте сақтағаны анық болған. Олар көрген нәрсесіне қызығушылық танытады, оны миына емес, санасына сіңіреді және бұл туралы ойланады деген қорытындыға келген. Сондықтан егер cіз көргеніңізді ұмытқыңыз келмесе, оны сезініңіз. Бұл ең жақсы жол болады.

4. Жаттау

Сіз бірдеңе жаттаған қалай жаттайсыз? Сіз бәрін ішіңізде қайталап отырасыз ба? Жаттаудың көптеген тәсілдері бар. Сіз олардың кез-келгенін таңдап, жаттай аласыз. Бірақ сізге ең оңай жолын ұсынамыз. Ол үшін сіз тек сөздердің алғашқы әріптерін біріктіріп, сөз жасауыңыз қажет. Мысалы, сіз түстердің атауларын ағылшынша жаттап жүрсіз делік, тек «Roy Biv G» атауын есте сақтасаңыз, сіз “Red, Orange, Yellow, Blue, Indigo, Violet, Green” деген 7 түсті толық білетін боласыз. Мұндай сөздерді есте сақтаудың көптеген оңай жолдары бар.

5. Салыстыру

Жаңадан үйреніп білгендеріңізді бұрын білетіндеріңізбен салыстырыңыз. Сіз өзіңіздің бұрын білетініңіз бен жаңадан үйренгеніңіздің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы мұқият ойланып салыстыра аласыз. Бұл да өте жақсы әсер етеді. Содан кейін білгендеріңізді біреуге түсіндіріп, ол жайлы бірге сөйлесіңіз. Кейін ол сіздің миыңыздың түбіне орналасады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!