ОҚИҒАЛАР

Жүрегіңді тыңда

Ешкімге армандарыңызды ұрлауға жол бермеңіз, Әрқашан жүрегіңізді тыңдаңыз…

Бала орта мектепте оқып жүргенде, мұғалімі: «Есейгенде не істеп және қандай мамандық иесі болғысы келетіні.» жайлы эссе жазу тапсырмасын береді.

Бала күні бойы ойланып, бір күні жылқы фермасын бастау туралы жеті беттен тұратын эссе жазады. Ол тіпті 200 гектарлық ферма, аула және аттардың да суретін салған. Келесі күні таңертең мұғалімге жүрегінің сөзімен жазылған 7 беттен тұратын эссесін тапсырады. Екі күннен кейін мұғалім эсселерді қайтарып бергенде баланың қағазына үлкен «екі» және «сабақтан кейін менімен кезік.» деп жазып береді.

Бала мұғалімінен «Неліктен мен екі алыдым?» деп сұрайды. Сонда мұғалім «Мұндай арман сенің жасыңа сәйкес келмейді, бұл шынайылыққа сәйкеспейді.» – деп, – сенде ақша жоқ, сен көшпелі отбасының баласысың. Жылқы фермасын бастау үшін саған көп қаражат қажет. Алдымен жер керек, содан кейін жылқы керек. Сен мұны жасай алмайсың. Егер сен жаңа эссе жазып келсең, бағаңды өзгерте аламын.» дейді.

Бала үйге қайтып, ол туралы көп ойланып соңында әкесіне айтады. Сонда әкесі: «Ал, балам, бұл мәселені сен өзің шешесің. Бұл сен үшін өте маңызды таңдау.» – деді. Бірнеше күн ойланғаннан кейін бала эссесіне еш өзгеріс кіргізбей мұғаліміне, «Сіз бағаны өзгертпеңіз, ал мен арманымды өзгертпеймін.» деп қайта алғашқы эссесін береді.

Қазір ол 200 гектар жері бар, жылқы фермасы бар. Және 1000 шаршы метрлік зәулім үйде тұрады. Көптеген жылдар бұрын жазылған сол бір эссе қабырғада ілулі.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!