БІЛІМ

Неге бізге кітап оқу керек?

Ой сананы қабілетті ұстаудың ең жақсы тәсілі – үнемі оқу. Егер сіз оқуды тек хабарламалармен, желідегі жаңалықтармен және ақпараттармен шектейтін адам болсаңыз, кітаптарды үнемі оқып, ақыл-ойыңыз бен денсаулығыңызға назар аударған жөн. Үнемі оқудың артықшылықтарын ұсынамыз.

1. Сөздік қорыңызды байытады

Әртүрлі кітаптар оқып, күнделікті өмірде жиі қолданыла бермейтін сөздерді кездестіресіз. Жаңа атаулар мен сөздерді үйрену біліміңізді байытып қана қоймай, өз ойыңызды толық жеткізуге үйретеді. Егер сіз шет тілінде оқысаңыз, бұл одан да тиімді.

2. Тынышталасыз

Қызықты тақырыптар бойынша үнемі оқу эмоционалды мазасызданатын және тұрақсызданатын адамдарға өте пайдалы.

3. Есте сақтау қабілет жақсартады

Мысалы, біз әдеби кітаптарды оқығанда, басты кейіпкерлердің аттарын, олар тұратын көшелерді, қалалардың аттарын жаттау керек болады. Бұл есте сақтауды және логикалық ойлауды жақсартуға арналған ең жақсы жаттығулардың бірі.

4. Зейін қою қабілетін арттырады

Кітап оқыған кезде, біз оқиғаға назар аударуымыз керек болады. Сізден көп нәрсені білуді талап ететін қазіргі қоғамда бұл өте пайдалы. Үнемі оқу ұсақ-түйекке назар аударып, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

5. Психикалық аурудың алдын алады

Кітап әрдайым сіздің миыңызды сергітетін болғандықтан, оның әртүрлі психикалық аурулардың алдын алатындығын дәлелдеген көптеген зерттеулер бар. Оқыған кезде миымыздың жұмысы жылдамдап, миымыз белгілі бір деңгейде дамиды. Бұл даму күнделікті өмірде бізге өте пайдалы.

6. Уақытты тиімді өткізудің әдісі

Егер сіз оқуды әдетке айналдырсаңыз, сіз теледидар көруге немесе Интернетке уақыт жұмсамайтын боласыз. Оқу сіздің біліміңізді арттырып, миыңыздың теледидар мен интернеттен гөрі дамуына көмектесетінін ұмытпаңыз.

7. Қартаюды баяулатады

Мидың қартаюы дененің қартаюымен тікелей байланысты. Оқу мидың жұмысын қолдап, дамытып қана қоймайды, сонымен қатар жүйелі түрде қартаю процесін баяулатады.

8. Ұйқысыздықты азайтады

Егер сіз ұйықтар алдында кітап оқуды әдетке айналдырсаңыз, оқуды бастаған кезде денеңіз ұйықтайтын уақыт келді деген сигналды қабылдайды. Бұл сізге тезірек ұйықтауға мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!