ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Менің анам әрдайым мұны дайындап, бетіне жағады! Сондықтан да 10 жаспен жас көрінеді

Інжу ұнтағы Қытайда 2000 жылдан астам уақыт бойы емдік мақсатта қолданылып келеді. Бұл денсаулыққа жақсы әсер етумен қатар, теріні жұмсартуға және тегістеуге де көмектеседі. Сонымен қатар, ол ас қорыту жүйесін жақсартады, денені тазартады және теріні сау етеді. Ендеше мұны қалай қолдануға болатынын бірге білейік.

#1 Інжу ұнтағы денсаулыққа қалай әсер етеді?

Қайнатылған інжу суы бауыр ауруы мен созылмалы анемияның алдын алады. Ал сүт қосылған інжу ұнтағын ішу энергияны жақсартады және ағзадан барлық токсиндерді шығарады.

Інжуді қайнаған суға салып, біраз уақыт қалдырыңыз. Содан кейін темір құралмен ұнтақтап, дайындаңыз. Және де сіз інжу ұнтағын дүкеннен сатып ала аласыз.

#2 Құрамында кальций бар

Зерттеу бойынша, інжу ұнтағы адам ағзасына кальцийді жеткілікті мөлшерде беретіндігін анықтаған. Ал кальций, сүйектің өсуіне және беріктігіне ықпал етіп қана қоймай, онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін азайтады. Сондықтан сіз оны аз мөлшерде тағамға қолдана аласыз. Ұнтақталған інжу ас қорыту жүйесін жақсартуға да көмектеседі.

#3 Ішіп қолдану

Құрамы: Інжу ұнтағы -1/4 шай қасық, Айран – 1/4 шай қасық.

Қалай қолдануға болады: Ұнтақталған інжу мен айранды араластырып, оған сүт немесе су қосып ішіңіз. Бұл сіздің ішіңізді тазартады және теріңге оң әсер етеді.

#4 Бұл теріге қалай әсер етеді?

Қытайлық косметологтар інжу ұнтағы теріні улы заттардан қорғап, жұмсартатынын дәлелдеген. Теріні жеткілікті ылғалмен қамтамасыз етеді және әжімдердің пайда болуын баяулатады.

#5 Бет маскасын дайындау

Құрамы:

  1. Жұмыртқаның ағы – 1 дана
  2. Зәйтүн майы – 2 шай қасық
  3. Алма шырыны -1 шай қасық
  4. Інжу ұнтағы – 1 шай қасық

Дайындау әдісі: Бір дана жұмыртқаның ағына 2 шай қасық зәйтүн майы, 1 шай қасық алма шырыны және ұнтақ інжуді қосып араластырыңыз. Дайын болған масканы бет пен қолдың терісіне жағып, 8-10 минуттан кейін жуыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!