БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Шамадан тыс қолданылса, БҮЙРЕККЕ өте зиян 7 тағам

Бүйрек – адам ағзасындағы ең маңызды рөл атқаратын мүшелердің бірі. Негізгі қызметі қажет емес заттарды несеп жолы арқылы сыртқа шығару, қажетті гормондарды бөлу, және қандағы токсиндерді сүзу. Сондықтан өз денсаулығыңызға мұқият қараңыз. Сапасыз тамақтан болып бүйрек ауруына шалдыққандар да өте көп.

Сонымен біздің кеңінен қолданылатын, бүйрекке кері әсер ететін өнімдер:

  1. Авокадо
©Pixabay

Авокадо (аллигатор алмұрты) көптеген қоректік заттарымен танымал болғанымен, көп мөлшерде қолданса бүйрекке әсер етеді. Әсіресе бүйрегі ауыратын адамдар авокадо тұтынуды азайтқаны дұрыс. Себебі бұл жемістің құрамындағы калий мөлшері өте көп. Калий біздің денемізге қажетті минерал болғанымен, көбейсе жүрек соғысына кері әсер етуі мүмкін.

2. Ет

©Pixabay

Етті көп мөлшерде жеу бүйрекке зиян. Етінің құрамында ақуыз өте көп. Сондықтан метаболизм үшін бүйректер шамадан тыс жұмыстайды. Сонымен қатар, сүзу қызметіне ауыртпалық түсіріп бүйректің нашарлауына себеп болады.

3. Тұз

©Pixabay

Дұрыс тамақтану үшін ең көп дегенде 2300мг (1 қасық) натрий қажет. Егер одан көп мөлшерде қолданатын болсаңыз, артық натрийдерді шығару үшін бүйректеріңіз көп жұмыстау керек болады. Бұл қан қысымын жоғарылатуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Мұздатылған пицца, консервіленген сорпа сияқты тағамдарды тұтынуды азайтыңыз.

4. Банан

Банан жеуді азайтып көп мөлшерде калийдан алшақтауға болады. Ересек адамдар күніне 3500-4700мг калиймен тамақтану керек. Бірақ бір бананда орта есеппен 537мг калий болады. Егер сізде қандайда бір бүйрек ауруы бар болатын болса, мол мөлшерде банан жеу сіздің денсаулығыңызға қауіпті.

5. Сүт және сүт өнімдері

Әрине, сүт өнімдері қоректік заттар мен дәрумендерге бай болсада, йогурт, ірімшіктерді шамадан тыс тұтыну жақсы нәтижеге апармауы мүмкін. Себебі оның құрамындағы фосфордың көп мөлшері бүйрекке салмақ түсіреді. Егер бүйректеріңізге өте көп салмақ түссе, істен шығып ол фосфорды қан арқылы шығарып, сүзе алмай қалады. Және қанда ұзақ уақыт сақталған фосфор остеопорозға (сүйектің сынғыштығына және жұқаруына апаратын ауру) апаруы мүмкін.

6. Бидай наны

©Pixabay

Бидай наны денсаулыққа пайдалы болғанымен, көп мөлшерде тұтыну денсаулыққа кері әсер етеді. Әсіресе бүйрек ауруы бар адамдарға қауіпті. Себеп құрамында калий мен фосфор көп мөлшерде бар. Бір тілім нанның құрамында 70мг калий, 57мг фосфор болады.

7. Апельсин және апельсин шырыны

Апельсин және оның шырындары аз калориялы, С дәруменіне бай. Сондықтан олардың құрамында калий көп мөлшерде болады. Бір апельсиннің құрамында 240мг калий, ал бір шыныаяқ шырынның құрамында шамамен 470мг калий қамтылған. Бұл сандардан ақ сіз апельсин тұтынуды шектеу керек екенін біле аласыз. Егер сіз артық калийден арыла алмасаңыз, сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!