ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Асқазан қышқылы мен қабынудан құтылудың өте оңай тәсілдері

Асқазан қабыну, тітіркену, ауыру, жүрек айну, тәбет төмендеу… Гастрит және асқазан қышқылының жоғарылауы көптеген жағымсыз белгілерге ие! Дәрігердің кеңесіне құлақ асудан басқа, оны қалпына келтіру процесін жеделдету үшін қарапайым табиғи дәрі-дәрмектерді қолдануға болады. Өте оңай дайындалады, арзан, тиімді және нәтижесі де жақсы. Сондай-ақ, егер сіздің ауырсынуыңыз тым қатты болмаса, оны күшті антибиотиктер қолданбай, табиғи дәрілермен емдеу дұрыс екенін ұмытпаңыз!

Ақжелкен сусыны

Ақжелкенге негізделген емдеу гастрит кезінде өте тиімді. Бұл қарапайым және дәстүрлі әдіс. Егер сізде асқазан ауруы бар болса, мұны сынап көріңіз. Ақжелкен – А, В, С, Е және К витаминдерінің табиғи көзі. Бұл ас қорыту функциясын жақсартатын керемет диуретик. Асқазанның ауырсынуын тыныштандырады, қабыну мен қышқыл секрециясын жояды.

180 гр ақжелкенді бір литр ыстық суға салып, екі сағатқа қалдырыңыз. Содан кейін суды сүзгіден өткізіп, қақпағы бар шыны ыдысқа салыңыз және бөлме температурасында қараңғы жерде сақтаңыз. Осы сусынды күні бойы ішіңіз.

Күріш суы

Күріш суы – гастрит ауруын жеңілдетудің тағы бір дәстүрлі әдісі. Бұл қабынуды, ауырсынуды, метеоризмді және іштегі ыңғайсыздықты азайтады деп естіген де шығарсыз. Күріш суы минералды заттар мен дәрумендерге бай сусын.

Бір литр қайнаған суға 200 гр күріш қосыңыз. Оны бөлме температурасында сақтаңыз және сусынды сол күннің ішінде ішіңіз. Бұл қиын емес!

Сәбіз және балдыркөк шырыны

Сіз осы екі керемет көкөністің құпияларын білесіз бе? Сәбіз және балдыркөк қабынуға қарсы керемет қасиеттерге ие. Құрамында әртүрлі минералдар мен дәрумендер бар. Егер сіз бұрын гастритпен ауырған болсаңыз, сізде анорексия, жүрек айну және шаршағыштық болуы мүмкін. Бұл табиғи шырын жақсы тоник болып табылады.

Екі дана сәбіз және екі дана балдыркөкті мұқият тазалап, бір стакан сумен араластырып, миксерге салыңыз. Мұны түскі немесе кешкі асқа сусын ретінде қолданыңыз. Бұл денсаулыққа пайдалы әрі дәмді!

Алма және түймедақ гүлі

Бұл комбинация сізді таң қалдыруы мүмкін. Бұл гастрит емдеуде шынымен сынап көру керек әдістердің бірі. Неге екенін білгіңіз келе ме? Бұл шай асқазанды тыныштандырады, қышқылдық пен қабынуды азайтады және гастритті емдеуге көмектеседі. Бұл жүрек айнуды емдеуге де пайдалы.

Сізге кептірілген түймедақ гүлі және бір дана алма қажет. Алманың қабығын аршып, оны тураңыз. Бір кесе су қайнатып, оған ингредиенттерді қосып, баяу отта 20 минут қайнатыңыз. Оттан алып, суытыңыз. Содан кейін сүзіп, бөлме температурасында сақтаңыз. Мұны таңертең ішіңіз.

Алмұрт пен зімбір қосылған смузи

Алмұрт пен зімбірдің қоспасы ауруды ғана емес, қабынуды да жеңілдетеді. Зімбір – бұл шөптен жасалған табиғи өнім. Алмұрт – гастрит кезінде жеуге болатын ең керемет жеміс. Минералдар мен дәрумендерге бай, бұл қабынуды азайтуға көмектеседі.

Алмұрттың қабығын аршып, турап, 300 мл суға салыңыз. Оған 30 гр зімбір қосыңыз. Кейін баяу отта 20 минут қайнатыңыз. Кейін араластырғышқа салып, араластырыңыз. Оны ұйықтар алдында ішіңіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!