БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Белсендірілген көмірдің барлық пайдалы қасиеттері. Мұны қаншама нәрсеге пайдалануға болатындығын елестете аласыз ба?

Белсендірілген көмір немесе көмірқышқыл газы. Көптеген адамдар оның қаншалықты пайдалы екенін біледі, бірақ бәрі емес! Барлық пайдалы қасиеттерін білу үшін осы ақпаратты оқыңыз. Мүмкін бұл сізге керек шығар.

Тамақтан улануды жедел емдейді

Тамақтан улану өте жиі кездеседі – тек АҚШ-та жылына 48 миллион адам тамақтан улануды! Құсудан, диареядан, іштің ауыруынан және уыттанудан өзіңізді қорғаудың әдістерінің бірі – белсендірілген көмірді қабылдау. Белсендірілген көмірді улану кезінде қолдану өте тиімді, себебі ол токсиндерді тез бейтараптайды.

Холестерин деңгейін төмендетеді

Жоғары холестерол жүрек ауруының қаупін екі есеге арттырады. Зерттеу бойынша, бір ай бойы күніне үш рет 8 грамм белсендірілген көмір тұтынған адамдар LDL жаман холестерин деңгейі 41%-ға азайып, HDL жақсы холестерин деңгейі 8%-ге артқанын анықтаған. Бұда еш жанама әсері жоқ!

Бүйректің денсаулығына пайдалы

Күн сайын сіздің бүйректеріңіз 115-140 литрдей қанды тазартады және артық сұйықтықтан тұратын 1-2 литр зәрді шығарады. Бүйрек – бұл тазарту жүйесі. Алайда құрамында қант, тұз, жануарлар ақуызы, майлар мен консерванттар бар өнімдерді қолдану бүйрек ауруына және оның жетіспеушілігіне әкеледі. Белсендірілген көмір мочевина мен басқа да токсиндерді жояды. Осылайша бүйректің денсаулығын сақтайды.

Жұмсақ терінің құпиясы

Шаң-топырақ пен майлы тері, тері тесігін бітеп, әжімдер пайда болдырады және адамды қартайтады. Ал бет тазартқыштардың көбінде улы химикаттар бар. Белсендірілген көмір тері тесігінен шаң мен майды шығарып, оны таза әрі жұмсақ етеді!

Тістерді ағартады

Голливудтық күлімсіреуді қымбат тіс ағартқыш алмай жасағыңыз келе ме? Белсендірілген көмірді тіс щеткасына аптасына 2-3 рет себу жеткілікті! Белсендірілген көмір тіс эмальын тазартады. Ол сонымен қатар ауыздың жағымсыз иісін басады.

Керемет шаш

Теріні ластайтын токсиндер, шаң және майлар шашты да зақымдап, оны жағымсыз етіп көрсетеді. Белсендірілген көмір шаш фолликулаларын тазартады және оларды жылтыр және жібектей етеді! 100% табиғи өнім болғандықтан кері әсері жоқ.

Асқорыту жүйесін тазартады

Біз көкөністер мен жемістердегі пестицидтер, еттің өсу гормондары және сусындағы химиялық заттар сияқты өте улы ортамда өмір сүреміз. Мұның бәрі сіздің ас қорыту жүйеңізде жиналады. Кейін бұл қабыну мен ауруға әкелуі мүмкін. Сау болу үшін ас қорыту жүйесін үнемі тазалап отыру керек.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!