ОҚИҒАЛАР

Өмірдің мәні

Өзіңізді 90 жасқа толған, тербелетін орындықта өткен өмірін еске алып отырған қарт адам ретінде елестетіп көріңіз. Қалай? Ендеше адамдардың қартайған шағындағы ең үлкен өкінішін білесіз бе? Олар жасағандары үшін емес, жасай алмаған нәрседері үшін қатты өкінеді. Ешқашан тәуекелге бел бумаған. Өміріңіздің соңына жетіп, оны түсіну қаншалықты өкінішті болар еді? Ешқашан шынымен өмір сүрмегендігіңізді түсіну.

Бұл сіздің өміріңіз. Басқа ешкімдікі емес. Қоғамыңыз, ата-анаңыз, достарыңыз сізді олардың қалауымен өмір сүргеніңізді қалағанымен, өз өміріңіз өз қолыңызда. Көзіңізді жұмып, түнгі ұйықыға кеткен кезде бүкіл әлем тоқтап, ал оянған кезде қайтадан жанданады. Бұл сіздің өміріңіз, сіз басқарасыз. Сіз жүрегіңізде не сезінсеңіз, соны жасауыңыз керек.

Енді қайтадан тербелетін орындыққа оралайық. Болашақтағы сіз не деп айтатынын ойлаңыз? Сіз ешқашан жасамаған идея, ешқашан жазбаған кітаптар, ешқашан айтпаған сөздер. Сіз шаршадыңыз ба, қорқтыңыз ба, немесе өзіңізге ыңғайлы болғанына керемет болдыңыз ба? Бірақ ұлылық керемет болудан мүлдем өзгеше. Ұлы адамдар ешқашан басқасының қалауымен болмайды. Себебі олардың өзіндік көз қарастары болады.

Бірақ мен білемін. Сізге оңай болғанын қалайсыз. Егер ұлылық оңай болса, көптеген адам табысқа жетіп және көптеген ұлы адамдар болар еді. Ғарышкерлер, кәсіби спортшылар немесе супер қаһармандар. Фейсбукта көп адамдар басқаларға ұнауға тырысатынын көресіз. Бірақ олар өздеріне де ұнамайды.

©Pixabay

Жеңімпаздар мен жеңілгендер арасындағы айырмашылық тұрақтылық. Талант ол да тұрақтылық.

Менің мұғалімім бамбук ағашы туралы айтты. Тұқым отырғызғаннан кейін оның жер бетіне шығуы үшін 5 жыл қажет. Бес жыл бойы күн сайын суарасыз. Егер бір күн суармай қалсаңыз, тура өледі. Бірақ бес жылдан кейін жер бетіне шыққан соң бес апта ішінде 90 футқа жетеді. Сондықтан сіз жасап жатырсыз, бұл оңай емес. Бұл уақыт алады.

Сіздің арманыңызға адамдар күледі. Себебі олар сіз көргенді көрмейді. Олар бұл жынды не істеп жатыр дейді? Айналасын суарып. Олар сіздің іштей жоспарлаған жоспарыңызды көре алмайды. Оларда көзі бар, бірақ көрмейді. Тек сізде ғана өз көзқарасыңыз бар, сондықтан олар күле берсін.

Олар шынайы, шыншыл бол деп айтады, бірақ реалистік көбінесе пессимизмнің сылтауы болады. Сіз басқа адамдардың пікірлерін шындыққа айналдыра алмайсыз, сондықтан олар күле берсін. Бірақ мен кепілдік беремін. Сіз тарихта бір табысты адамды табасыз. Адамдар күлмеген, мазақтамаған. Сондықтан абыройыңыз туралы еш алаңдамаңыз. Себебі ол жәй ғана адамдардың сіз туралы не деп ойлайтыны. Сіздің кейіпкеріңіз ол нағыз сіз. Беліңізді бекем буып, шын жүрегіңізбен жасаңыз. Ойлануды доғарыңыз. Тек ғана жасаңыз. Өзіңіз үшін жасаңыз, нағыз өзіңіз үшін! Себебі сіз бұған лайықсыз. Қайта өмір сүрмейсіз. Сондықтан арманыңызда өмір сүріңіз. Сіз бастау үшін мықты болуыңыздың керегі жоқ. Бірақ сіз мықты болу үшін бастауыңыз керек.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!