БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Денсаулығыңызға пайдалы деп қолданып жүрген ара балы жалған болса ше?

Балдың адам ағзасына көптеген жағымды әсерлері бар және емдік қасиеттері бар екенін бәрі біледі. Сондықтан оны күнделікті қолданады. Бірақ ол 100 пайыз табиғи болса ғана денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпаңыз. Ендеше сіз қолданатын бал жалған және сапасыз болса ше?

Жасанды бал соңғы кездері көп мөлшерде шығарылып жатыр, және қазір адамдардың көбі білмей тұтынуда. Сонымен, балдың жалған екенін анықтауға болатын бірнеше қарапайым әдістерді ұсынамыз.

1. Бал қаптамасын тексеру

Бал сатып алмас бұрын, қаптамасын мұқият қарап шығыңыз. Ингредиенттерді және қосымша қоспаларын оқып шығу керек, сонымен қатар кез-келген дәмдеуіштер мен қанттың қоспасы бар-жоғын тексеріңіз. Егер сіз оны табиғи және сапалы деп ойламасаңыз, ара питомниктен ең жақсы сапалысын ала аласыз.

2. Қолыңызға тамызып көру

Бас бармаққа кішкене бал тамызып көріңіз. Егер бал ешқандай қозғалыссыз қою, ары-бері ақпасы, бұл оның сапалы екенін білдіреді.

3. Суға салу

Сіз бір шай қасық балды бір стакан суға салыңыз. Содан кейін мұқият бақылаңыз. Таза табиғи бал тікелей су түбіне батады, ал жалған бал суға еріп кетеді.

Жалған бал ағзаға қалай әсер етеді?

Жалған балдың құрамында:

  1. Д е к с т р о з а
  2. Г л ю к о з а
  3. Мол мөлшерде қант
  4. Қант сиропы
  5. Жүгері сиропы
  6. Ұн
  7. Крахмал бар.

Ол ағзаға қанттың мол мөлшерін жинайды, қандағы қант деңгейін жоғарылатады және әртүрлі жүрек-қ а н тамырлары а у р у л а р ы н а әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл қ а н қысымын көтеріп, қант д и а б е т і нің негізі болады.

Ал таза табиғи балдың құрамында 16 түрлі минерал, 21 түрлі дәрумен, 18 аминқышқылдары және әр түрлі антиоксиданттар бар. Егер сіз ағзаға пайдалы, сізді емдейтін, жасартатын осы дәрумендерді қабылдағыңыз келсе, табиғи балды қолданыңыз. Жалған балдан абай болыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!