ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Мен мұны пайдаландып 30 минуттың ішінде бетімді ағарта алдым! Құпия рецептіммен бөлісемін

Жаздың ыстық айларында бет күтімі – ең үлкен уайымдардың бірі болып табылады. Тері қарайып, түсін жоғалтқан сайын, бет күңгірт болады. Сіз кез-келген дүкенге барып, кез-келген ағартқышты сатып ала аласыз, бірақ бұл өнімдердің ингредиенттерінің 60%-ы химиялық заттар болып табылады, сондықтан үнемі пайдалану теріңізге және сіздің денсаулығыңызға зиянды.

Сондықтан, біз сіздерге үйде табиғи таза өнімдерді пайдаланып теріні ағартатын масканы қалай жасау керектігін ұсынамыз.

1. «Күріш ұны» маскасы

Құрамы:

  1. Күріш ұны – 2 ас қасық
  2. Қияр шырыны
  3. Куркума – 1 шымшым

Дайындау әдісі: Барлық ингредиенттерді біріктіріп, жақсылап араластырыңыз. Өте көп шырын қоспаңыз және масканы сұйылтпаңыз. Маска қою болу керек.

Ең алдымен бетіңізді жақсылап жуып, раушан суын мақта матасына сіңіріп, онымен бетіңізді сүртіңіз. Содан кейін масканы бетіңізге біркелкі жағып, 5 минут уқалап, массаж жасаңыз.

Соңында, жылы сумен бетіңізді жуыңыз. Раушан суы Үндістан азық-түлік дүкендерінде сатылады, ал күріш ұны Кореяның азық-түлік дүкендерінде кеңінен сатылады.

2. «Ұнтақ сандал ағашы» маскасы

Құрамы:

  1. Ұнтақ сандал ағашы – 2 ас қасық
  2. Раушан суы – 2 ас қасық
  3. Бал – 1 ас қасық

Қалай дайындауға болады: Ингредиенттерді біріктіріп араластырыңыз. Оны тазартылған бетке жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін жылы сумен жуыңыз.

Осы маскаларды қолдану арқылы сіз теріңізді тез ағарта аласыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!