БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Аш қарында ешқашан жеуге болмайтын нәрселер

Диетологтар таңертең аш қарында кейбір тағамдардан бас тартуды кеңес береді. Ең алдымен банан және йогуртты аш қарында жеуге болмайды. Себебі банан сіздің денеңіздегі кальций мен магний тепе-теңдігін бұзып, жүрек-қан тамырларының ауруларына әкелуі мүмкін. Және аш қарында ішкен йогурт кейбір пайдалы қасиеттерін жоғалатады.

Сондықтан оларды тамақтан кейін 2 сағаттан кейін немесе ұйықтар алдында қолданыңыз. Лимонды аш қарында жеуге болмайды, өйткені аллергияның көбейуіне немесе гастриттің пайда болуына себеп болады. Және де қызанақ пен құрма да бар. Бұл тағамдарда пектин мен дубин қышқылы көп, сондықтан да асқазанға тас пайда болдыруы мүмкін.

©Pixy

Таңертең аш қарында қияр, бұрыш және қырыққабат жеу асқазанды тітіркендіреді. Әсіресе асқорыту қабілеті төмен адамдар абай болған жөн. Сондай-ақ тәтті картоп асқазанның бұзылуына себеп болатынын да ескеріңіз. Және аш қарында салқын су немесе сусын ішпеңіз. Етеккір циклін бұзады. Таңертең ерте тұтынған қант сіздің денеңізді тітіркендіріп, ұйқы безінің инсулинді дұрыс шығаруына кедергі болады. Сонымен қатар сіздің қаныңыздағы қант деңгейі күрт өзгеріп, тепе-теңдік бұзылады.

Газдалған салқын сусындар:
Қарын аш кезінде әр түрлі салқын сусындар, шырындар ішу асқазан-ішек жолдарының бұзылуына, және асқазан-ішек ауруларына әкелуі мүмкін. Сондықтан аш қарында газдалған сусындарды ішпеңіз.

Тұздалған жаңғақтар:
Аш қарында қолдану асқазан қабығын тітіркендіріп, асқазан жарасына әкелуі мүмкін. Әр түрлі жаңғақтар Е дәруменіге, және қатерлі ісікке қарсы заттарға бай болады. Бірақ оларды тамақтанғаннан кейін қолдану тиімді.

Қызанақ:
Аш қарында қолдану асқазанға тас әкелуі мүмкін, бірақ қалыпты піскен қызанақты жеу қатерлі ісік ауруларының алдын алып, ас қорыту жүйесіне оң әсер етеді.

Нан-тоқаш өнімдері:
Нан-тоқаш өнімдері аш қарында жеуге жарамайды. Себебі бұл асқазанды бұзады. Нан-тоқаш өнімдерін міндетті түрде шаймен бірге қолданыңыз.

Қызыл шарап:
Аш қарында еш қашан қызыл шарап ішпеңіз. Бұл бауыр циррозының пайда болуының негізі болады.

Түрлі-түсті орамжапырақ:
Бұл қатерлі ісіктің алдын алады. Каротин мен С дәруменіне бай. Алайда аш қарында тамақтану ас қорыту жүйесін бұзады.

Жүзімдер:
К витаминіне бай, жүректің қызметіmе пайдалы жеміс. Алайда аш қарында жеуге болмайды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!