БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ескірген киімдерді жаңарту жолдары

Егер сіз ескірген немесе өңі түсікен киімдеріңізді не істеу керегін білмей жүрсеңіз осы кеңестерді оқыңыз. Бұл сіздің проблемаңызды шеше алуы мүмкін. Төмендегі тәсілдерді үйреніп, ескі киімдеріңізді жаңартып алыңыз.

  1. Кір жуғыш машинаның кептіргішіне мұз салсаңыз киімдер бырыспайды.
©Heart Radio

Киімді жуғаннан кейін, кептіргішке саларда киіммдермен бірге мұз салып көріңіз. Сіздің киімдеріңіз бырыспай жақсы кебеді. Бұл әдісті бәрі біле бермейді.

2. Жүн-кашемирден жасалған ескі киімдеріңізге ұстара қолданыңыз.

©Chris Woodrich 

Жүннен және кашемирден жасалған ескі киімдерді жаңарту өте оңай. Тек бір реттік ұстараны алып, киіміңізді қырып көріңіз. Сонда сіздің киіміңіз жаңа болып көрінеді. Басқа әр түрлі тазартқыш заттарды қолданудың орнына, осы әдісті қолданыңыз. Сіздің кашемир киіміңіз жаңа болып көрінеді.

3. Мыжылған шляпа және мата материалының бырысқанын кетіру.

Егер сіз мыжылған шляпаңызды қалыпына қалай келтіру керектігін білмесеңіз, осы әдісті қолданып көріңіз. Үлкен ыдысқа су қайнатып, бу шыға бастағанда, мыжылған шляпаңызды үстіне қойыңыз. Бұл бырысты жұмсартуға, тегістеуге және дұрыс кебуіне мүмкіндік береді.

4. Өңі түскен, түсі өзгерген киімді тұзды сумен жуыңыз.

©Pixabay

Киімді жуған кезде кір жуғыш машинаға шамамен 150гр тұз салыңыз. Кір жуғыш машинамен кір жуған кезде ортасында үзіліс алып, сол кезде тағы да 150гр тұз қосыңыз. Сізге нәтижесі ұнайтын болады.

5. Көйлектің жағасын шаш үтігімен үтіктеу ыңғайлы.

Әрине, жағалы киімдердің жағасын үтіктеу қиын. Бірақ төтенше жағдайда уақытты үнемдеудің тамаша әрі оңай тәсілі. Осы әдісті қолданып көрсеңіз нәтижесі сізге ұнайтын болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!