БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Адамдар көз жұмбас бұрын қандай нәрселерге қатты өкінеді

Адамдар көз жұмбас бұрын ең көп өкінетін нәрселері жайлы бір медбике былай деген екен:

«Мен бұл ауруханада ұзақ жылдар бойы жұмыс жасадым. Менің палатама соңғы сәттерін күткен науқастар ғана келеді. Біз олардың өмірінің соңғы сәттерінің куәсі бола отырып, көптеген қызықты оқиғаларды естідік. Олардың барлығы махаббат, жек көру, қорқыныш, толқу, ашулану және т.б. сезімдерді сезінген. Бірақ соңғы сәтінде бәрін ұмытып, кешіреді. Мен әр науқастан әрдайым бір сұрақ сұрайтынмын. «Сіздің бұл өмірдегі ең үлкен өкінішіңіз не?» Олардың аурулары, бет-әлпеттері, темпераменттері әр түрлі болсада жауаптары бірдей болды.

  1. Өзге біреудің қалауымен емес, өзімнің қалағаныммен өмір сүрсем ғой.

Барлығының ең алғашқы жауабы осы болды. Өмірінің соңына жетіп өткен өміріне көз жүгірткен кезде «Неге мен бір рет болса да өзімдігімнен шешім қабылдамадым?» – деген ой туады. Себебі басқалардың ескертулері, ақыл кеңестерінен болып, армандары орындалатын көптеген мүмкіндіктерді жіберіп алады. Ең өкініштісі, ата-анасының, әйел-балашағасының және достарының үмітін ақтау үшін өзінің қалауымен бола алмау екен.

  1. Не үшін соншалықты көп жұмыс жасадым?

Бұл ер науқастардың ең үлкен өкініші. Отбасыларының болашағы үшін күн-түн демей жұмыс істеп, балаларының өскенін де байқамай қалады. Сондай-ақ сүйікті әйелі жалғызбасты ана сияқты өмір сүруге мәжбүр болып, бір қарағанда балалары үлкейіп өз жолдарымен кетеді. Өздерінің артық жұмыстағанына қатты өкінген науқастар көз жұмар алдында ешқашан келмейтін балаларын күтеді… Бірақ олар осының бәрін келмейтін балалары үшін жасады ғой.

З. Өз ойларымды, сезімдерімді ашық жеткізетін батыл болсамшы…

Көптеген адамдар басқалармен бейбіт қарым-қатынаста болу үшін тырысады. Сондықтан өзгелерді қойып өзідеріне де адал бола алмайды. Жағдай нашарлаған сайын «Мен не қалаймын?» емес «Қиындықтарға тап болмас үшін мен не істей аламын?» «Мен не десем олар мені ақылды деп санайды?» деген сұраққа тап болады. Бірақ кәртейген сайын өзін толығырақ жеткізіп, ашуланатын кезде ашуланып, ренжитін кезде ренжуім керек еді деп өкіне бастайды. Өз эмоцияларын еркін білдірген кезде бірнеше адамдарды ренжітуі мүмкін. Бірақ мінезін жасырмағандықтан, ол адамдарға әрқашан шынайылығы үшін бағаланады. Адамдар да сізбен қалай қарым-қатынас жасау керегін білетін болады. Ең бастысы өміріңізде жалған қатынастар болмайды.

  1. Достарыммен қарым-қатынасты тоқтатудың қажеті жоқ еді.

Бұл әйелдердің көбінің берген жауабы болды. Балалары, отбасы және жұмысы деп достарынан алыстап, бір қарағанда байланысы үзіледі. Бірақ барын арнаған балалары өсіп, бөлек шыққын кезде, жалғыздықтың азабын сезінеді. Соңғы сәттерін күткен адамдар үнемі бірге болған достарын көруді сұрансада, кездесе алмай көз жұмады.

  1. Мен өзіме бақытты өмір сүруге мүмкіндік берсем ғой.

Мен мұндай жауап аламын деп ешқашан ойлаған емеспін. Олар өткенге байланып, өткенге өкініп, қазіргісімен өмір сүру мүмкіндігін жоғалтқан. Өзіңізді бақытты ету үшін ештеңе жасамау қаншалықты өкінішті?

Адам өзінің соңғы сәті қашан келетінін білгенде, басқалардың ойлары мен идеяларына тәуелді болмай қалады. Шындығында, біз ертең де өмірден өтуіміз мүмкін. Оны ешкім білмейді. Жаман уәде беруге тырысып отырған жоқпын. Бірақ қашан не болатындығын білмей – бүкіл энергияңызды басқалардың ойларына жұмсаудың мәні неде?

Керісінше, ертең барлығы аяқталатын секілді батыл шешім қабылдау, өзіңе адал болу және осы дүниеден кетерде риза болып, өкінбеу нағыз бақыт емес пе? Өткенге өкінгіңіз келмесе, бүгінмен өмір сүріңіз. Өкінуге жол бермеу үшін дәл қазір қалаған нәрсеңізді жасаңыз. Әдетте, өткенде болған жайт сізге не әкелгенін білмейсіз. Сіз сол оқиғаның арқасында күштісіз, ақылдысыз, тәжірибелісіз… Сондықтан сізге көмектескен «ӨТКЕНІҢІЗ» үшін ризашылық білдіріп, оны сол жерде қалдырыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!